AWARD.kz 2010: жарыс басталды!

695 рет қаралды

AWARD.kz 2010 ұлттық интернет-жүлдесі байқауы басталғанын хабарлайды

25 мамыр күні AWARD-2010 байқауына қатысуға өтініштерді қабылдау басталады. Алматыдағы «Атакент» көрме орталығының 9A павильонында сағат 12.00-де KITEL-2010 Халықаралық ақпараттық-коммуникациялық көрме аясында байқаудың басталғанын хабарлайтын арнайы баспасөз-мәслихаты ұйымдастырылды.

AWARD.kz ұлттық интернет-жүлдесі – Қазақстанның Интернет саласындағы ең ірі байқаулардың бірі. Қазнеттегі көркемдік, технологиялық және әлеуметтік-мәдени жағынан үздік веб-ресурстарды анықтау арқылы байқау қазақ ғаламторының сапасының артуына әрі қолданушылардың көбеюіне үлес қосуда.

Қазнеттегі үздік жобалар байқауы кезең-кезеңмен ұйымдастырылады. Әуелі өтініштер қабылданып, кейін кәсіби мамандар сайттардың қызметін, дизайнын, мазмұнын бағалайды. Жыл сайын қазақстандық интернет жобалар он аталым бойынша және жеті арнайы аталым бойынша бақ сынасады. 2009 жылы байқауға 955 өтініш келіп түсіп, оның 855 қатысуға жолдама алды. Байқауды ұйымдастырушылар саннан гөрі, интернет жобалардың сапасы артып келе жатқанына баса мән беруде.

2009 жылы 3D, яғни үш қалыпты кеңістікті пайдаланып құрылған www.vrt.kz сайты өзгелерден оқ бойы озып шықты. Ресурсты құрушылар «Жеке сайттар, танысу және сұхбат», «2009 жылдың үздік сайты» және «AWARD.kz 2009 үздік сайты» аталымдарында бірінші орынды жеңіп алды.

«Бас жүлдені алармыз деп ойламадық. Сөзсіз байқаудың нәтижесінде біздің жобамыз интернетте және ақпарат құралдарында кең көлемде хабарланды. Бұл VirtualTour.kz деген ірі жобаны дамытуға түрткі болды. Қазір Қазақстанның әртүрлі өңірлерін аралап, суретке түсіріп жүрміз. AWARD.kz қазақстандық жобалардың бұқараға танылуына, өз аудиториясын жинауға және жарнама мақсатында қолдануға көмектесетін тиімді алаң екеніне көз жеткізіп отырмын» – дейді www.vrt.kz жобасын құрушылардың бірі Святослав Малимонов.

Биылғы маусымды AWARD.kz Ұлттық интернет-жүлдесінің сайты жаңа келбетімен қарсы алуда. Байқауды ұйымдастырушылар бұл байқауға жаңа леп әкеліп, оның кеңірек таныла түсуіне себеп болады деген сенімде.

Қазнеттің сапа жағынан толыса түсуі соңғы екі жылдың көлемінде әртүрлі форумдар мен блогтарда қызу пікірталастар тудыруда. «Қазіргі өміріміз үнемі қарқынды қозғалыста. Теледидар көрсек те арналарды бірінен соң бірін шолып шығып, интернет сайттарды жаңартып, пікірлерді аңдып отырамыз. Осы өзгерістердің барлығы өмірдегі белсенділігімізді көрсетеді», – дейді AWARD.kz байқауының тең төрағасы Александр Ляхов. – Сондықтан да биылғы көктемде сайтымыздың келбетін өзгертуді хош көрдік. Әйткенмен ресурс пен жүлденің басты мақсаты өзгермейді. Біз Қазақстанның веб-индустриясындағы мамандар мен қатысушылардың әралуан пікірлері мен ойлары бір арнада тоғысқанын қалаймыз»

Өткен жылдағыдай 2010 жылы да байқау сайтына техникалық қолдауды «Весна» Шығармашылық тобы» ЖШС (www.vesna.kz) атқаратын болады. «Весна» компаниясының бас директоры Софья Буланова өткен сайттың кемшіліктерін дұрыстап, тың идеяларды қосып, жетілдіре түскенін айтуда. Мәселен, www.award.kz сайтының жаңа техникалық өзегі ұзақ іркілістердің алдын алды. Ал «Қазақтелеком » АҚ ұсынған жаңа хостинг Қазақстанның қолданушыларына, әсіресе, Megalaine тұтынушыларына сайтқа жылдам енуге мүмкіндік берді.

«Интернетте award.kz сайтының маңдайшасындағы сурет УЕФА чемпиондар лигасының телевизиялық белгісіне ұқсас деген пікірлерді көзім шалды» дейді AWARD.kz байқауының келесі бір теңтөрағасы Константин Горожанкин. – Шындығында бұл байқауымыздың «Қазнетті жарқырат!» деген ұранының сипаттамасы еді. Себебі маңдайшадағы сурет ғаламның әртүрлі торлармен көмкерілгенін және Қазнетте жарқырап жанып келе жатқан жұлдыздарды сипаттайды. Алдағы уақытта жарқыраған әрбір жұлдызға тінтуірді апарғанда ол байқау шежіресінен сыр шертетін болады»

«Байқауға қатысушыларға негізгі беттегі термометр ұнайды деген ойдамын. Себебі ол бақаудың қай деңгейде тұрғанын әрі қорытынды, яғни ең жоғарғы температурға дейін қанша уақыт бар екенін дәл көрсетіп тұрады» дейді Софья Буланова.

AWARD.kz 2010 байқауының кезеңдері
1-Кезең. 25 мамыр 15 қыркүйек аралығы: Байқауға қатысушылардың өтініштерін қабылдау
2-Кезең. 16 қыркүйек 30 қыркүйек аралығы: Үміткерлердің кең көлемді тізімін жасақтау
3-Кезең. 1 қазан 15 қазан аралығы: Үміткерлерді анықтау
4-Кезең. 16 қазан мен 31 қазан аралығы: Жеңімпаздарды анықтау
5-Кезең. 17 қараша: Жеңімпаздарды марапаттау

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі