Парсылар пәле екен

1267 рет қаралды
4

Азия құрлығындағы ең қуатты елдердің бір – Иран Ислам Республикасы. Оңтүстігін Парсы шығанағы ahmedкөмкеріп жатса, солтүстігіндегі Каспий теңізі арқылы Қазақстанмен жалғасады. Құрлықта Ирак, Түркие, Әзербайжан, Әрмения, Түркіменстан, Ауғанстан, Пәкістан қатарлы елдермен шекараласады. Біздің бұрынғы жадымыздағы қызыл бастар немесе парсы дейтініміз – осы Иран.

Иран батыс Азия мен ислам елдері ішінде экономикасының және технологиялық дамуы жағынан Туркіиеден кейінгі екінші орынды иеленетін, Еуразия аймағында мұнай мен табиғи газдың қоры мол стратегиялық маңызы зор елдің бірі болып саналады.

Иран әлемдік алпауытттардың бүкіл жер жүзін өздері ғана билеп-төстегісі келетін саясатына бірден бір тура қарсы шығып отырған елдің бірі. Осы тұрғыдан келгенде оның ішкі-сыртқы саясаты Америка Құрама Штаттары мен Ресей сияқты империялардың көңілінен шыға бермейді. КСРО-ның Ауғаныстанға баса-*көктеп кіруі екі ел арасындағы қарым-қатынасты әлсіретіп жіберген еді. Америка Иранды ядролық қару жасамақ деп кіналайды. Ал Иран болса бұны жоққа шығарады.

ahm22005 жылы Иран президенті болып 1956 жылдың 28 қазанында өмірге келген Махмуда Ахмадинежада сайланғаннан бері бұл мәселе ширықпаса бәсеңсіген жоқ. Бұл күнде халқының саны 70 миллионға жетіп отырған Иран президенті таңғажайып бір мәлімдеме жасады. Онда ол иран халқының санын өсіру үшін әр отбасын көп балалы болуға үндеп, жаңадан дүниеге келген әр балаға 780 еуро сыйақы төленетінін айтқан. Сөйтіп біз адам санын 120 миллионға жеткізсек, ең беделді әрі ықпалды елдердердің бір бола аламыз деген екен Иран президенті. иран гербі

Иран президенті Махмуда Ахмадинежада осы сөзін естігенде бар-жоғы 16 миллион қазақты місе тұтып, Тәңірінің берген төрт баласын далаға тастағандай төрт шаршы метр жатақанаға тастап, ал алыс-жақын шетелдерден келетін дайын адам қорын алуға келгенде кежегесінен кейін тартып отырған біздің үкіметтке қайран қаласың. Парсыларың шынымен де пәле екен ғой?!
Қарамер

Парақшамызға жазылыңыз

4 Comments

  1. Бәрекелде-е! Ұлы Заратуштра елі зор екенін тағы көрсетіп жатыр. 1960 жж. соңында Франциядан тәуелсіздік алған Африкадағы Алжир, Сирия сияқты т.б. мемлекеттерде қалып қойған француздарды елге шақырады. Сол кездегі Францияның президенті, генерал Шарль де Голль арнайы министірлік құрып оларды елге қайтаруға тапсырма береді. Нәтижесінде 2 жарым жыл ішінде 4 миллион француз еліне оралады. Міне, шынай іс-қимыл қандай жетістікке жеткізді, француздардың төбесін көкке жеткізіп, мәртебесін асырып тастады. Франция дүрілдетіп тұрып өркендеуге бет бұрды.
    Қазақстанға осы уақытқа дейін (1991-ден есептесек 19 жыл) сырттан келген қазақтың саны миллионның жартысы.
    Осыдан жасар түйін: Тәуелсіздігіміздің келесі бір этапы басталып жатқанға ұқсап барады, қазіргі дүниежүзілік ахуалға қарасақ! Сондықтан, шеттегі қандастарды жинап, қазақтың санын көбейтудің мүлдем жаңаша стратегиясын қалыптастыруымыз қажет. Демографиялық саясат қайта қаралмай ел болуымыз қиындай түседі.

  2. Олжас ағамыз орыстың қолтығына кір деп қақсағанын қояр емес. Атам қазақ “кәпірден досың болса, беліңде балтаң болсын ” деп еді. ата-бабаларымыз алып берген жерді қорғау үшін де адам саны қажет болады.

  3. Махмуд Ахмадинежад айтып жүрген демографиялық саясатқа Ирандықтардың бір талайы түбімен
    қарсы . Бұл елде жұмыссыздық деңкелетіп бара жатыр . Саяси тартыстардың салдарынан шаруашылық дағдарысқа ұшырап қалған . Мұнайдан басқа – сатар табар жоқтығынан мемлекет қалтасы босап , инфлация үдеп бара жатыр . Махаң көтере алмас шоқпарды беліне байлап алған сыңайлы . Не дегенмен , Қазақстандағы түйткілдердің қырсығынан бұл жердегі қандастар оған орала алмай жүр . Ескі жау атысуға жақсы деп әзірше шыддай беруге тура келіп ақ тұр . Түбі қайыр болғай !

  4. Махмудтың саясатын біз өзіміздің үкіметке ой салу үшін ғана алып отырмыз. Әйтпегенде, онда біздің шатағымыз не? Мына үкімет неге ойланбайды, анау, әне, сөйтіп жатыр ғой дейміз.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар