Италияның Палермо қаласында өткен ЕҚЫҰ-ның ПА фотобаяны

882 рет қаралды
saudabayev
ЕҚЫҰ-ның төрағасы, Қазақстанның Сыртқы істер министрі-мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев Ауғанстан мен Қырғызстан мәселеріне алаңдаулы

assmbleia
Жиыннан көрініс
deputaty1
Қазақстандық депутаттар
sultanov
Сыбайласқан жемқорлық қазіргі жағдайда ішкі мемлекеттік мәселеден ғаламдық мәселеге айналуда. Бұл туралы Қазақстан Парламенттік делегациясының жетекшісі, сенатор Қуаныш Сұлтанов ЕҚЫҰ ПА күзгі сессиясы аясындағы трансұлттық ұйымдасқан қылмыс пен жемқорлықпен күрес мәселелеріне арналған конференция кезінде айтты.
amzebek
Ұйымдасқан қылмыс пен сыбайласқан жемқорлықты әлі бірде-бір мемлекет түп-тамырымен жоя алмағанымен, оны азайтуға олардың әрқайсысының үлес қосып жатқандығын баяндады Парламент Мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитет төрағасы Әмзебек Жолшыбеков.

Tazhik
Салимзода ОЛИМ, Тәжікстан делегациясының жетекшісі, Тәжікстан Парламентінің халықаралық істер жөніндегі комитет төрағасы: - Қазақстанның төрағалығы Шығыс пен Батыс арасындағы жаңа кезеңнің басталуына негіз болып, өзара сенімді нығайтуға үлес қосуда. Өйткені лаңкестікке қарсы бірлесе күрес, есірткі және қару-жарақ, адам саудасына қарсы күрес, Ауғанстанды қалпына келтіру ісі Қазақстанның төрағалығында басымдылыққа ие. Қазақстанның төрағалығын осы ұйым тарихындағы ең бір табысты басшылық деп айта аламын.
turik1
Алааттин БУЙЫККАЯ, Түркия делегациясының жетекшісі, депутат: - Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төраға болғаны үшін біз бақыттымыз! Бәріміз - түркі тілдес мемлекеттер емеспіз бе?! Қазақстанның төрағалық кезінде айрықша пайдалы, тиімді шаралар қолға алынды. Мәселен, мен ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы бойынша Қазақстанда өткізілген бірнеше жиынға қатыстым. Сонда осы елдің өркениетті, демократиялы, ғажап екендігіне көзім жетті. Астана саммитіне келсек, біз үшін онда армян мәселесінің қаралуы маңызды. Бірақ келешекте қақтығыс мәселесін саясаткерлер емес, тарихшылар қарайтын кезеңге жетуіміз керек. Ол үшін Астана саммиті ұйымның жұмысына жаңа дем беріп, бүкіл әлемнің бейбіт тіршілік кешуіне үлес қосады деп сенемін.
kozlovskii
Александр КОЗЛОВСКИЙ, РФ Мемлекеттік Дума депутаты, ЕҚЫҰ ПА вице-президенті: - Қазақстанның төрағалығы - шығармашылық төрағалық. Ол бұған дейінгі осы ұйымдағы төрағалық туралы, оның ұйымда қандай рөл атқаруы тиістігі жайындағы жалпы түсінікке бетбұрыс жасады. Қазақстан көптеген шығармашылық ұсыныстар даярлады. Соның ішінде Астана саммиті - төрағалық кезінде атқарылатын ең бір үлкен шаруа.
Eftiumi
Петрос ЭФТИМИУ, ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының төрағасы: - Біз барлығымыз Қазақстанның төрағалығын қолдаймыз. Астана саммитінің табысты өтіп, онда қабылданатын декларацияның ұйым үшін ең бір маңызды шешімдер әкелетіндігіне сенеміз...

Фото суреттерді ұсынған Айжан Көшкенова.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері