/////

Beinele мультсериалы Наурызға ерекше сый ұсынды

1288 рет қаралды

Мейрам қарсаңында батыс өлкесінде ерекше жобаның тұсауы кесілді. Оралдық жас суретші, режиссер, аниматор 11-ші сынып оқушысы Бөкенбай Досжанның ұйымдастыруымен ашылған «Bòken Animation» жас аниматорлар тобының дебюттық туындысы «Beinele» атты мультсериалдың көрсетілімі өтті. Аталмыш туынды махаббат, достық, өнер мен еңбекқорлық сынды тақырыптарды қозғайды. Оқиға сюжеті Орал қаласының көрікті жерлерінде өрбиді.

Жалынды жастар осы іске өз бастамаларымен кірісіп, бақандай бір жылын сериалдың бір сериясын даярлауға арнаған. Ал кейіпкерлерді дыбыстауға өлкеміздегі Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының актерлері көмек көрсетіп, қазақша дубляжға атсалысқан. Сонымен қатар қаламыздағы «Aqjaiyq Jastary» волонтерлік ұйымы да ұйымдастыру жағынан қолдау білдірген.

Жоспарланған іс-шараға келген халықтың қарасы көп болып, көрсетілім 2 лек қатарынан ұйымдастырылды. 300 адамдық үлкен зал екі мәрте көрерменге лық толып, жалпы 600-ден астам халық елден ерек туындының куәсі болды. Келушілердің басым бөлігі 10-11 сынып оқушылары, жеткіншектер еді. Бірі достарын қолдап келсе, екіншісі расында алғашқы анимациялық мультсериалға қызығушылық танытыпты. Ал аға буын бұл бастамаға оң пікірін білдіре кетті. Әсел есімді қонақтың сөзінше:

– Бұл жастар арасында кеңінен тарап кеткен тақырып сияқты. Шыны керек мен өз басым бүгін анимациялық фильмді бірінші рет қарап тұрмын. Бұндай жанрды көп қарамайды екенмін.  Бірақ егер де бұл туынды балаларға оң әсерін беретін болса, яғни олардың тәрбиесіне, мінез-құлқына, қазақ тілінің қолданысына септігін тигізсе барлығымыз ата-ана болғандықтан қазақ тіліндегі контенттің дамып жатырғанына қуанамыз. Мен өз басым бұндай жаңашыл жастарды қолдаймын!

Bòken Animation тобының алдағы жоспарына сәйкес «Beinele» мультсериалы 7 бөлімнен тұрмақ. Жастар ізденістерін тоқтатпай, алдағы уақытта жұмыстанып, жанкүйерлерін көп күттірмей тағы да жаңа туындымен қуантуға сөз берді.

«Beinele» мультсериалын топтың ресми You Tube арнасынан қарай аласыздар. Тұсаукесерден толығырақ материал бейнерепортажда.

Альбина Болатова, 

БҚО, Орал қаласы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері