Оралмандарға төленетін жәрдемақы өседі

794 рет қаралды
14

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2011 жылға арналған Көші-қон квотасын бекіте отырып, әр оралманға төленетін жәрдемақы көлемін 187,7 мың теңгеден 212 мың теңгеге дейін арттыратындықтарын мәлімдеді.

Ал, 2013 жылы бұл сома – 237 мың теңгеге дейін өсетін болады.

 

2011 жылы бұл бағдарламаға бөлінген бюджеттік шығындардың көлемі  12,055 миллиард теңге болса, 2012 жылға бөлінген қаржы – 14,995 миллиард теңге, 2013 жылға – 16,043 миллиард теңге. Демек, жыл сайын бұл мақсатқа бөлінген қаржы көлемі арта беретін болады.

 

Қазақстанға 1991 жылдан  алыс-жуық шетелдерден миллионға жуық адам оралған. Олардың көбі – Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстары мен Жаңаөзен, Алматы, Астана, Тараз қалаларында шоғырланған.

Парақшамызға жазылыңыз

14 Comments

  1. Кезинде отанын сатып кашып кеткендерге неге сонша комектесип жатканын билмеймин биздин казак. Баска елдерде кашып кеткен емес, оздери кезинде коныстарын аудаарткызып жиберген отандастарына комектеспейди. Биздин ата-бабамыз да кезинде кашып кету керек еди, Аттен, бастары истемепти гой,а

    • Тарихты жақсы оқымаған екенсің ,қытайдан маңғұлдан кеп жатқан қазақдарға ол жер ата қоныс, білсең ол да қазақтың жері болған , амал не ата бабамыз озбыр орыс пен қытайлар кесірінен екіге бөлініп қалдық, сондықдан ойланып сөйлеген абзал,өзгені сыйдырған елімізге қазағымызды сыйдырмасақ қайтып ел болып көркейеміз!

  2. Сенің пікіріңе қарап отырып осынша ма ұлттық санадан жұрдай екеніңді көріп отырмын!!! Әуелі азан шақырып қойған есіміңді дұрыстап жазсаң болар еді ғой тым болмаған да “Айнұр” деп. КЕЗІНДЕ оТАНЫН САТҚАН КІМ ДЕСЕҢ, ОЛАР ҚАЗАҚТЫ САТҚАН, ӨЗ БАУЫРЫНЫҢ ЕТІН ӨЗІ ЖЕГЕНДЕР, ЯҒНИ ЖАҒЫМПАЗДАР ҒАНА ТІРІ ҚАЛҒАН ЕДІ,Өз қанын өзі сатып. Қашпаған ата-бабаң не ерлік жасаған екен? жеті атаңды білесің бе өзің?!Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі деген екен!!!Соның кері болып жүрмесін,ұят ай…

  3. Айнура, сен әуелі қазақтың тарихын оқы, онан кейін қазақтың географиясын оқы, онан кейін ХІХ-ХХ ғасырдың зұлматтарын оқы, сонан кейін барып “отанын сатқандар” жөнінде пікір айта алар едің. меніің ойымша сенің ата-бабаларыңның бастары істемей қалған жоқ, сенің басың дұрыс істемей тұр-ау деймін.

  4. АйнурА ханымға, бағана айтылған, Зардыхан Хиянатұлының еңбектерін оқу керек сияқты, тым болмағанда! Әйтпесе, таяз ойлы жанға бір нәрсе айтудың өзі ыңғайсыз екен.

  5. Мухтар Магауиннин “Жармак” деген китабын окысаныз, оралмандардын Отанын сатып кетгендиги жайлы аз жазылмаган. Оралмандардын истеп журген китуркы истери аз емес. “Атажурт” дегенше “Кезинде неге каштым екен?” болмаса “Кашып кеткен ата-бабаларым уят ис жасаган екен” деп ойламайды, Казакстаннан акша алып, женилдик кору ушин келеди.

  6. Айнура, отанымды сатпаймын дегеннен емес, көшіп кетуге шамасы да, санасы да жетпегендер қойша қырылмады ма? Сол қазақтар көшіп кетпесе қазақ мүлде азшылыққа айналып, қазіргі күнге зар болып қалар еді, саха (якут) халқы сияқты күй кешер еді. Бұл бір. Екінші, көшіп кету күресудің бір түрі. Тәуелсіздік шатқаяқтап тұр, құдай басқа салмасын, тағы бір жағдай туа қалса, тағы да күресуге тура келеді…, қарындас!

  7. Ая шешек пен Жолаушы дұрыс айтты! Айнур А? ата-баба тарихын білетін көзі ашық қазақ емес. Мәңгүрттенген шала қазақ. Әйтпесе қытайдағы, ресейдегі монғолиядағы миллиондаған қазақтардың өз атамекен жерінде отырғанын білер еді.Тек соңыра империялар өзара бөлісіп алғанда әр елдің азаматы болып қалды.Ал қашқан қазақтарға келсек олар нағыз елім деген ерлер болатын, сталлиннің сойылын соққан сен сияқты пасық топастар жалған жала жауып өз еліннен қуып жіберген.Қазіргі еуропа мен азиядағы, Арабиядағы мықты қазақтар солардың ұрпағы.Ата дәстүрі мен ана тілін 20-ғасырдың соңында сендер ұмыта бастағанда солар(сеніңше қашқан қазақтардың ) ұрпақтары келіп үйреткеніне тарих куә.Өз басыңдағы боқты көрмей, біреудің басындағы шоқты көрген сен топас, өздеріңше айтқанда ТУПОЙ кім Айнур А ???????

  8. Айнұр,сен қателесіп тұрмын деп ойламайсыңба?! ал мен Қыр қазағының айтқан пікіріне қосыламын,себебі сен қазақтың қанша жерінің шет ел қарамағында екенін білесің бе????!!!!

  9. Ассаламу ғалейкум құрметті қауым!
    Айнұр, айтқаның қате, Оралмандардың барлығына сатқын деп айту дұрыс емес! Әрине ішінде мал мүлкін сақтап қалу үшін қашқандар бар, бірақ дінін сақтап қалу үшін хиджа жасағандар да бар!

    Ертай мырза “Сол қазақтар көшіп кетпесе қазақ мүлде азшылыққа айналып, қазіргі күнге зар болып қалар еді” деген де қателеу, Қыр қазағы айтқандай “Әйтпесе қытайдағы, ресейдегі монғолиядағы миллиондаған қазақтардың өз атамекен жерінде отырғанын білер еді…” сондықтан қашқандардың сіздің айтқаныңызға қосқан үлесі аздау.

    Қыр қазағына айтарым “ұрпақтары келіп үйреткеніне тарих куә” бәрін бұған қоса алмаймыз! Тіліне сол елдін сөздерін қоспаған (ең азы) монғолиядан келгендер болар (Монғолияда қазақтар бөлек тұрған, негізгі халықпен араласпаған) басқа жерден Арабия, Түркия, Иран және Ауғаннан келгендер бәрі бір таза қашақшалап сөйлемейді. Аталары сөйлессе де біздің қатарластарымыз мүлде білмейді десек те болар.

    • Жалпы оралман бауырлармен жақсы араласып тұрам! олар адал, момын, біреудің хақысын жемейтін, өз еңбегімен жән баққан қандастарымыз. Олардің Қазақ халқына бергені өте көп, тілдің, дәстүрдің қайта оралуына көп пайда әкелді. Сондай ақ халық санын тек осы қандастарымыз арқылы көбейтіп, мықты ел бола аламыз, олардің жақсылықтары санасақ баршылық! ал жамандықтары жоқ, өзіміздің қаны бір тумаластармыз. Оралман бауырларымыз көбейсін! біз халық болып оларға құшақ жаюымыз керек.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі