Президент сайлауы неге мерзімінен бұрын өтеді?

601 рет қаралды
3

Сонымен енді бір-екі айда кезектен тыс Президент сайлауы өткізілмек. Референдум өткізуді жарыса қолдаған жағымпаздар жарысына нүкте қойылды. Елбасы демократиялық принциптерден бас тартпады. Керісінше, президенттік өкілеттігін екі жылға қысқартып, сайлауды күні бұрын өткізуді қолға алды.

Ең әуелі Президент өкілеттігін референдум арқылы өткізуге халықаралық қауымдастық өре түрегеліп қарсы болды. Қазақстандағы АҚШ-тың Төтенше және өкілетті елшісінің қызметін атқарған Ричарда Хоугланд қызметінен босар алдында референдум өткізу арқылы Қазақстан осы уақытқа дейін қол жеткізген демократиялық бағытынан кері шегінеді деп мәлімдеген болатын. Жақында Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевпен кездесу өткізген АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон да Қазақстанға әділ сайлау өткізуге кеңес берді.

Референдум өткізудің демократиялық принциптерге қайшы екендігін еуропалық қауымдастық та, ЕҚЫҰ құрылымы да қайталаумен болған еді. Германия Үкіметі Қазақстан Парламентінің Конституцияға енгізген түзетулері мен толықтыруларын қатаң сынға алды. Қаңтардың 14-інде ФРГ Үкіметінің ресми өкілі Штеффен Зайберт: «Федеральдық үкімет Қазақстан Парламентінің бұл шешімі үшін өкініщ білдіреді. Бұл ретте Еуроодақтағы әріптестеріміздің сынын әділетті деп есептейміз. Қазақстан былтыр ЕҚЫҰ-ға төрағалық қызметін аяқтады. Сондай-ақ, Астанада өткен ЕҚЫҰ Саммитінде демократия принциптерін қадағалау және ізгі басқару сияқты құндылықтар бекітілген болатын. Ал, Президент өкілеттігін сайлаусыз 10 жылға созу осы принциптерге қайшы» деген еді.

Қаңтардың 30-ы, жексенбі күні Астанаға атбасын бұрған Англияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэрмен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев арасындағы әңгіме жайында ақпарат құралдарында сараң айтылады. Бірақ, Тони Блэр де Қазақстан Президентінің шешім қабылдауына ықпал етуі әбден мүмкін.

Халық көкейінде тұрған енді бір сауал – Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге не түрткі болды? Әрі Америка алғашқылардың бірі болып, бұл қадамды құптауы неліктен?

Біріншіден, 2012 жылы Президент сайлауымен бірге Парламент сайлауы өткізілуі тиіс болатын. Бұған дейінгі әңгімелерде Парламенттің мерзімінен бұрын таратылу мүмкіндігі жайында айтылып келген еді. Өйткені, Конституция бойынша, Парламент сайлауы мен Президенті сайлауын бірге өткізуге болмайды. Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізудің бірінші себебі осы.

Батыс және Ресей ақпарат құралдары қазақстандық оппозицияның Президент сайлауына дайындалуына мүмкіндік бермеу көзделді дейді.

Ал, қазақ оппозиционерлері 2012 жылы Қазақстандағы ситуация мүлдем өзгереді деп есептейді. Оның үстіне Қырғыз, Тунис және Египеттегі революциялардың ұшқыны Қазақстанға жетуі мүмкін деген үрей билеген болар деген де пікірлер жиі айтылуда.

Міне, Президент сайлауының мерзімінен бұрын өтуіне ықпал етуші факторлар осы.

ЕРТІСБАЕВ САЙЛАУ ӨТЕТІН МЕРЗІМДІ ДЕ АТАП ҮЛГЕРДІ!

Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеуі жергілікті телеарналар мен радиолардан тікелей эфир арқылы жария етісімен, оның саясат жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев сайлаудың уақыты жайында мәлімдеме де жасап үлгерді. Оның айтуынша, сәуірдің соңы немесе мамырдың басында мерзімінен бұрынғы президент сайлауы өтетін болады. Дәл осы мәліметті Парламент Мәжілісінің депутаты Рахмет Мұқашев Президенттің 1 ақпанда Парламентке Мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы заң жобасын ұсынғанын айта отырып: «Заңнамаға сүйенсек, кезектен тыс президент сайлауы Президент шешімімен тағайындалады және тағайындалған күннен екі айдан соң өткізіледі. Кезектен тыс сайлау да кезекті сайлау секілді сайлау іс шараларын өткізуді Орталық сайлау комиссиясы айқындайды» дейді.

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Жолаушы мырзаны толығымен құптаймын! Бүгінгі шала саясат белсенділері іс-әрекетін ой өлшемінен өткізбейді, тек қана очко жинау ушин (жағымпаздықпен) жасайды гой….

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері