Қытайдың үнсіз “соғысы”

1321 рет қаралды
7

Тарихты ақтарсақ, Қытай ешқашан күшпен жаулап алмаған. Бірінші тауарын кіргізіп, соған тәуелді етіп, халықты соғыссыз жойып жіберу –  Қытайға ғана тән саясат.

Әлемді дүрліктірген дағдарысқа қарамастан Қытай экономикасы қарыштап дамып келеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, Жалпы Ішкі Өнім жөнінен қытай экономикасы жапондықтарды артқа тастап, 1,34 триллион көрсеткішпен екінші орынға шықты. Соңғы он жылда Ұлыбритания, Германия, Франция экономикасын басып озды. Алдағы он жыл ішінде АҚШ Қытай үшін бірінші орынды босатады деп күтілуде.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қытайдың ЖІӨ өсімі 11,1% құраса, инфляция 2,6% ғана болды. Ал бөлшек сауда көлемі өткен жылмен салыстырғанда 18,2 % ға ұлғайды. Тәуелсіз зерттеуші Лю Чжижунның пікірінше, Қытайда ең төменгі табыс орташа әлемдік деңгейдің 15% да жетпейді. Бұл әлі де 20, 30 жыл сақталмақ.

Қытайлықтар соңғы жылдары Африка елдеріне, Нигерия, Ангола, Судан, Аргентина, Колумбия, Венесуэлла сынды пайдалы қазбаларға бай мемлекеттерге инвистициялық саясат жүргізуде.

Hkg4644299

Бүгінде Қазақстан – Қытайдың бірінші стратегиялық әріптесі. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымында, 174 мемлекет мүше болып табылатын Бүкіләлемдік сауда ұйымында да Қытаймен әріптеспіз әрі шекараласпыз. Демек, бірінші болып базарымызға көршіміз әрі досымыз келеді. ШЫҰ-да, БСҰ-да Қытайдың рөлі басым екені белгілі. Ал, бұл ұйымдардың басты мақсаты – халықаралық сауданың бөгетсіз жүргізілуіне жәрдем беру.

Қытай Қазақстанға экономикалық қарым-қатынаста болуға мүдделі. Себебі, Қазақстан – европаға шығар жол, шикізат ресурстарына бай өлке.

Елімізде, қытай инвестициялары жылу-энергетика, тау-кен өнеркәсібі, мұнай мен газ, қаржы және сауда секторына құйылған. Ақтөбемұнайгаздың 85,32%, Маңғыстау мұнай газдың 47%, ПетроҚазақстан 67%, Казгермұнай 50%, Павлодар мұнай өңдеу зауыты 58%, Шымкент мұнай өңдеу зауыты 50% қытай иелігінде. Қытайдың төрт компаниясы мұнайлы өлкеде барлау жұмыстарын жүргізуде.

Қытай экономикасы – көшірумен айналысатын, сапаға емес санға басты назар аударатын экономика. Дайын нәрсені миллиондаған тиражбен тарата береді.

Адам денсаулығына зиянды, улы заттардан қорғану үшін АҚШ, Жапония, Малайзия секілді елдер Қытайдың көптеген тауарларына тиым салған.

Мамандардың зерттеуінше, Қытайдан келетін киім-кешек, ойыншықтардың әсерінен ауру ұрпақтар өсуде. Бүлдіршіндер арасында сколиоз, артроз науқасына шалдыққандар саны көбейді. Ол омыртқаның дұрыс бітпеуінен болады. Қытай аяқ-киімінен жастар майтабан ауруына ұшырап, Отан алдында борышын өтеу құқығынан айрылды. Жарылғыш, аталғыштарды айтпағанда, қытайлық қызылды-жасыл улы ойыншықтар бөбектер үшін өте қауіпті. Қытайда жасалатын ыдыс-аяқтарға салынған тағам тез-ақ уға айналады. Себебі, бізде құрылыста пайдалануға тиым салынған асбекттен жасалады. Кейбір ұялы телефондар маркасы басқа елдердікі болғанымен Қытайдан шығады. Оларда радиация мөлшері шектен тыс.

Осыларды ескеріп, Қытайдан келген тауарларды зерттеп, Қазақстанға кіргізуге тиым салынған заттар тізімін жасау қажет. Шыны керек, Қытай бұйымынсыз күнімізді елестете алмайтын жағдайға жеттік. Елімізде, киім-кешек тігетін өндіріс орындары жоқтың қасы. Шағын ательелерде тігілетін киімдер құны қытай киімінен 4-5 есе қымбат. Мәселен, Тараз қаласындағы тері шикізаттарын өңдеу және қайта өңдеу комбинаты кезінде бүкіл Кеңес Одағын аяқ киіммен қамтамасыз етіп отырған. Ал қазір қытай аяқ киімінен көріндей қалды. Бұл мыңнан бір ғана мысал.

Hkg4656444Қытайдың экономикалық дамуы ХХ ғасырдың 70-80 жылдары басталған. Кеңес одағының тарауы да үлкен серпіліске жол ашып берді. Қиын қыстау заманда Қытай посткеңістік елдеріне арзан тауарын тарата бастады. Сол кезде мемлекет шағын өнеркәсіпті жылдам дамыту саясатын қолға алған.Тіптен, әр отбасы өз цехын ашуға мүмкіндік болды. Нәтижесінде, 80-жылдары 1∕4 аш жүрген қытай, 80-жылдардың екінші жартысында 95% өз жағдайын тұрақтандырып үлгерді. Мұндағы Жоғары экономикалық өсімнің басты қуаты арзан жұмыс күші. Қытай халқының еңбекқорлығы, жылдамдығы, жұмыс талдамайтындығы, пысықтығының әсері зор, әрине.

Қытай базарында өндіріс ашуға үкімет есебінен көптеген көмек жасалады. Жаңа өндіріс орнының ашылуы тек құрылтайшыға ғана пайдалы емес. Ол – қосымша жұмыс орны, қосымша салық, әлеуметтік шиеленістердің шешілуі. Мемлекет үшін де пайдалы. Ал шетел рыногына тек шикізат жіберсек, экономика жағынан да экология жағынан да ұтыламыз. Сондықтан өнімді өзімізде өңдеудің маңызы зор.

Мысалы, Алматы облысы Райымбек ауданы Текес ауылындағы жүн өңдейтін “Қуат ЛТД” фабрикасының деректері «1000 тонна жүн жуып сатса, 24 миллион теңге кіріс қаратады, оның ішінде салық, еңбекақы, сабын, электр тоғы, т.б. шығындар бар. Ал оны өңдеп киіз үй, киіз байпақ, пима жасап сатсақ, табысымыз 396 миллион теңге болады. Енді бұған қосымша кластерлік әдіспен жұмыс істесек, мәселен, “Қуат ЛТД” фабрикасы өзіміздің жүнді жуып, Қарғалы шұға комбинаты одан жіп жасаса, ал келесі ең жоғары технологиямен жабдықталған фабрикалар жіптен әлемдік сапаға сай кілем тоқыса, одан 2 миллиард 716 миллион теңгенің өнімін өндіреміз» дейді.

Hkg4656382

Тарихты ақтарсақ, Қытай ешқашан күшпен жаулап алмаған. Бірінші тауарын кіргізіп, соған тәуелді етіп, халықты соғыссыз жойып жіберу –  Қытайға ғана тән саясат.

Махатма Ганди «ағылшындарға қарсы күресудің бір жолы ағылшын тауарларын еш сатып алмау» депті. Нәтижесінде, саудасы тоқтаған ағылшындар үнді жерін тастап еліне оралған. Осы кеңеске толықтай жүгінбесек те, алатынымыз көп-ақ.

Мысалы, Жапонияда қытай азаматының тұрақты қалуына мүмкіндік жоқ. Жапон азаматына үйленсе, елден шығарып жібереді. Біздегідей, қыздарын алса, азаматтығын қоса беріп қарап отырмайды.

Бүкіл әлем қауіптеніп отырған қытайлықтар тауарымен қоса елімізде еркін кіріп, еркін шығады. Ресми деректерге қарағанда, жылына шекарадан 50-60 мың Қытай келсе, 20-30 мыңы ғана еліне қайтады екен.

Маңғыстау, Атыраудағы ірі мұнай компанияларында еден жуушыға дейін қытай. Тіптен, аспазшыларын жылан, шаянымен қоса ала келеді. Сол үшін, Қазақстанға кірген әрқайсын қатаң бақылауға алып, сервис бағаларын олар үшін өсіру қажет.

Тауарын алып, өзін елге кіргізбеу керек. Қытай қаупінен қорғану үшін Ресейге жалтақтаудың да еш қажеті жоқ. Тек, мемлекет қорғану шараларын қолға алса болғаны.

Қытайда Орта Азияны зерттеуге арналған оннан аса зерттеу орталығының жұмысы Қазақстанды зерттеуге бағытталған. Базардағы бағадан бастап мұнай барелінің бағасына дейін қадағалап отырады. Ал, аспанасты елі біз үшін жұмбақ әлем. Сол үшін, Қытайды зерттеумен айналысатын ғылыми институтын құрсақ, «досымыз» жайлы біраз мәлімектке қанық болар едік. Қытайдағы қазақтар мен елге оралған қандастардың көмегі зор болмақ.

Сондай-ақ, елімізде шағын өнеркәсіпті дамыту керек. Тігін, тоқыма, тері комбинаттарын көптеп ашу қажет. Отандық өнім қытай тауарын нарықтан ысырмаса да, өз орнын алуға ұмтылар еді. Нәтижесінде, қытайдан келер тауар саны, елімізде жұмыссыздар саны азаяды. Осылардан бастасақ, мұнай газ, қазба байлықтарымызды да өз қолымызға алар күн де туар.

Қазіргі кезде ғалымдар қытай экономикасының Қазақстанға қаупін байқауда. Қазақстан Батыспен темір жол жобасын қолға алып, көлік өндірісін іске қоспақшы. Қазақстан арқылы өтетін қытайдың темір жолдары қазақ экономикасы үшін аса қауіпті болуы ықтимал. Белгілі шығыстанушы ғалым Мұрат Әуезов айтпақшы, «Қытайлармен ойнауға болмайды».

Сәния Әбдіғапар,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
журналистика факультетінің 2-курс студенті

Парақшамызға жазылыңыз

7 Comments

  1. Иә, қазақты қытай жаулап та жытыр. Қанша жерге, қанша байлыққа ие болып жатқанын билік біледі. Сол туралы есепті биліктен сұрайтын қазақ жоқ.

    Қолыңнан келсе, қонышыңнан бас деген заман болып жатыр.

    • анау-мынау деп отырғанымызда бізді уже жаулап жатыр! ойланатын заман өтіп кетті, бәрін ата-бабамыз ойлап айтып кеткен, тек енді біз сол ұрпағы қимылдауымыз керекпіз бос айтқанша!

  2. Осыны біліп, ойға алып жатқан миларыңнан айналайын.

  3. Өте жақсы мақала! Есенгүл апайдың журфактағы ұстаздық қызметінің жемісі ғой!

  4. Мақалада көтерілген мәселеге немқұрайды қарауға болмайды. Ел болып ойланатын нәрсе!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі