Кеше, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі – Баспасөз, теледидар және радио күні қарсаңында «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының журналистер арасында жарияланған «Нұр Сұңқар» республикалық байқауының қорытындылары жарияланды.
Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты Астананың Конгресс-Холл сарайында өтті. Дәстүрге айнала бастаған бұл шараға Қазақстанның барлық аймақтарының журналистері, Парламент депутаттары, Қазақстан Журналистер одағы мен Бас редакторлар клубы өкілдері қатысты.
Жеңімпаздар «Нұр Отан» партиясының, депутаттар мен депутаттық фракциялар қызметі жайлы жарияланған үздік сараптамалық материалдар, сонымен қатар, партияның ай¬мақтардағы қызметін үздік жариялағандар, партияның бастамаларына айрықша көз-қарас білдіргендер, үздік фото және бейне материалдар арасынан таңдалып, анықталды.
Биылғы «Нұр Сұңқар» байқауының басты ерекшелігі: оның Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына орайластырылғаны болды. Мерейтой журналистер үшін өте қызықты тақырыпқа айналды.
200-ден астам республикалық және аймақтық БАҚ өкілдері байқауға өз жұмыстарын ұсынған болатын.
Байқау жеңімпаздарын құттықтай келе, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин: «Биылғы «Нұр Сұңқар» байқауы еліміздің басты мерекесі – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып отыр. Тәуелсіздік – барша қазақстандықтар үшін маңызы зор тарихи мейрам. 20 жылда біздің еліміз әлемдік жоғары беделі бар қуатты мемлекетке айналды. Бұл – Елбасымыз, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен еңбегінің, халқымыздың әл-ауқатын арттыруға, елімізді дамытуға бағытталған саясатының нәтижесі екені сөзсіз. Осының барлығы Қазақстан журналистикасының дамуына да үлкен мүмкіндік берді», – деп атап өтті.
Он сегіз номинация бойынша жеңімпаздар атанған қаламгерлерге белгілі қоғам қайраткерлері, өнер адамдары «Нұр Сұңқар» байқауының жеңімпазына арналған белгі мен бағалы сыйлықтар табыс етті. «Біздің депутат» номинациясы бойынша әріптесіміз Жақсыбай Самрат пен «Казахстанская правда» газетінің тілшісі Ольга Казанцева жеңімпаз деп танылып, бәйге алды. Басқа номинациялар бойынша «Хабар» агенттігінің тілшісі Тілеуқабыл Мыңжасар, «Ашық студия» бағдарламасының жүргізушісі Нұрлан Ерімбетов, Zona.kz
және Minber.kz интернет-газетінің тілшілері Жұмабике Жұнысова мен Есенгүл Кәпқызы, «Литер» газетінің тілшісі Владимир Катков, «Хабар» агенттігінің Павлодар облысындағы тілшісі Салауат Игіліков, «Хабар» агенттігінің астаналық бөлімі¬нің тілшісі Наталья Илюхина, «Айқын» газетінің тілшісі Айхан Шәріп, «Время» газетінен Геннадий Бендицкий, тележүргізуші Дина Төлепбергенова, «Индустриальная Караганда» басылымының тілшісі Оксана Мягких, «Ақтау ақпарат» газетінің тілшісі Кәмшат Әбдірайым, «СТВ» арнасы бас редакторының орынбасары Виталий Попов, «Қазақстан» ұлттық арнасының тілшісі Айбек Қобдабай, Президент баспасөз қызметінің операторы Бақтыбай Шаханов, «Нұр-Медиа» ЖШС-нің фототілшісі Советбек Мағзұмов алды. Барлық байқау жеңімпаздары «Нұр Сұңқар» мүсіні, арнайы диплом және ақшалай сыйлыққа ие болды.
Өткен жылдағыдай, биылғы байқауда да арнайы жүлде тапсырылды. Бұл сәт салтанатты рәсімнің шарықтау шегіне айналды. Нұрлан Нығматулин осы сыйлық биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналғанын жариялады. Оның иегері белгілі журналист, «Хабар» агенттігінің тілшісі Нұрлан Оқаұлы атанды. Ол арнайы мүсінше мен дипломға қоса, пәтер кілтін иеленді.
Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.
Суретті түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ.
“Егемен.кз”
«Нұр Сұңқар» байқауы ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналды
Соңғы жазбалар
Медиасарапшы, белсенді Бэлла Орынбетпен журналистика, адам құқықтары және өңірлердегі азаматтық бастамалар туралы сөйлестік. Сондай-ақ мемлекеттік басылымнан
Маңғыстау облысындағы әскери оқу-жаттығу кезінде 14 әскери қызметші қаза тапты. Қыршын кеткен жастар жер қойнына тапсырылғанмен,
photo: BBC Ақ үй қожайыны Дональд Трамп пен Америка журналистерінің арасында бітіспес майдан басталған секілді. ДОНАЛЬД
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен ҚР Қорғаныс Министрі Дәурен Қосанов орнынан алынды. Бірақ Каспий теңізіндегі әскери
14 сарбаздың өліміне қатысты қозғалған іс бойынша 5 әскери қызметші күдікті ретінде Ақтаудағы уақытша изоляторға қамалды.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Каспий теңізі акваториясында жүргізілген іздестіру-құтқару операциясының аяқталғанын хабарлайды. Бүгін, 25 қыркүйекте, сағат
24 қыркүйек күні Маңғыстаудағы Әскери-теңіз күштерінің әскери жаттығуы кезінде 12 сарбаздың қаза табуына байланысты 25 қыркүйекте
Фото: : Владислав Семенов Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында
Фото: www.akorda.kz Бүгін ҚР Президенті Қ. Тоқаев ҚР Конституциялық заңының 5-бабының 1-тармақшасына сәйкес Қазақстан Халық кеңесі
Орал қаласының дендрологиялық жоспарын әзірлеуге қала бюджетінен 47,5 млн теңге қарастырылған. Қазіргі уақытта жүргізілген түгендеу, зертханалық
Құрметті, “Мінбер” журналистерді қорғау орталығы. Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүретен құттықтаймын! Барлық игі істеріңізге Алланың нұры жаусын. Тек шығармашылық табыстар тілеймін!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫН! ЖЕҢІСТІҢ ШЫНДАРЫНАН КӨРІНЕ БЕРІҢІЗДЕР! ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАБЫС ТІЛЕЙМІН!
Жеңістеріңіз қайырлы болсын! Мерекелеріңізбен!
Мінбердің алға қойған әр ісіне табыс тілеймін.Сайт жетекшісі әрі қарымды қаламгер Есенгүл апайымызға шығармашылық мол табыстар тілеймін.
Құтықтаймыз! Сіздердің жолды біздерге берсін!!!!