/

Ақпараттық қауіпсіздік

2752 рет қаралды
6

Ақпараттық қауіпсіздік деген не? Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздік бар ма? Қандай ақпараттар ақпараттық қауіпсіздік бойынша қузалады?

Заңмен тыйым салынған ақпаратты таратуға шектеу қойылған. Ақпараттық қауіпсіздік — мемлекеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі. Ақпаратты қорғау — ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізулік оңтайлығын және керек болса, жасырындылығын қолдауды түсінеді.

ҚР Конституциясы әр адамға қажетті ақпаратты алуға және оны заңмен тыйым салынбаған, кез келген жолмен жариялауға кепілдік береді;

ҚР Азаматтық Кодексі барлық ақпараттық кеңістіктен «жабық» ақпаратты ерекше белгілейді, ол – заңмен қорғалатын құпиялар;

«Мемлекеттік құпиялар туралы» ҚР Заңы тағы бір «жабық» ақпараттық кеңістіктің бөлігін белгілейді, ол – мемелекеттік құпиялар;

«Мұражай және мұрағаттық қызмет жөніндегі» ҚР Заңы қол жетімді мұрағаттық ақпаратты және «құпиялы» ақпаратты белгілейді;

«БАҚ туралы» ҚР Заңы (20 бап) журналистің құқықтық мәртебесін белгілейді, ал негізгі кәсіптік құқығы ретінде – ақпаратты іздеу, сұрау, алу және тарату болып табылады;

«БАҚ туралы» ҚР Заңы (18 бабы) ақпаратты сұраудың жалпы кестесін анықтайды;

«БАҚ туралы» ҚР Заңы ақпаратқа қол жеткізу мен алуды жеңілдететін, журналистерді аккредитациялау институтын енгізеді.

 

Заңмен қорғалатын құпиялар:

– Арнайы ақпарат. Отбасы және жеке өмірдің құпиясы;
– Хат жазу, телефон, телеграф және т.б. хабарламалардың құпиясы;
– Бала асырап алу құпиясы;
– Медициналық құпия;
– Коммерциялық және қызметтік құпия;
– Банктік құпия;
– Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтік ақпарат;
– Тергеу және алдын ала тергеудің құпиялары;
– Адвокаттық және нотариаттық құпия;

Мемлекеттік құпиялар:

– Әскери саладағы кейбір мәліметтер;
– Экономика, ғылым және техника саласындағы кейбір мәліметтер;
– Сыртқысаяси және сыртқыэкономикалық саладағы кейбір мәліметтер;
– Жедел іздестіру және қарауыл қызметі саласындағы кейбір мәліметтер;

Мұрағаттық ақпарат

– Ашық пайдалантын, мемелекеттік мұражайда болатын, мұрағаттық ақпарат
– Белгіленген категориядағы жеке және заңды тұлғалар үшін анықталған құжаттарды пайдаланудың шектелуі
– Меншік құқығы сақталатын және тек меншік иесінің келісімімен ғана анықталатын мұрағаттық ақпаратты пайдалану

ҚР-ның Қылмыстық Кодексінің 172-бабына сәйкес  Мемлекеттiк құпияларды заңсыз алу, жария ету нормасы көрсетілген:

1. Құжаттарды ұрлау, мемлекеттiк құпияларды бiлетiн адамдарды немесе олардың жақындарын сатып алу немесе қорқыту, байланыс құралдары арқылы қолға түсiру, компьютерлiк жүйеге немесе желiге заңсыз кiру, арнайы техникалық құралдарды пайдалану жолымен, сол сияқты өзге де заңсыз әдiспен мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтер жинау мемлекетке опасыздық немесе шпиондық белгiлерi болмаған жағдайда –

төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға алуға немесе белгiлi бiр лауазымдарда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Адамның өзiне сенiп тапсырылған немесе қызмет немесе жұмыс бабымен мәлiм болған мемлекеттiк құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуi, мемлекетке опасыздық белгiлерi болмаған жағдайда –

үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға алуға немесе үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Адамның өзiне сенiп тапсырылған немесе қызмет немесе жұмыс бабымен мәлiм болған қызметтiк құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуi, егер бұл ауыр зардаптардың тууына әкеп соқса, мемлекетке опасыздық белгiлерi болмаған жағдайда –

екi жүзден бес жүзге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға алуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер олар ауыр зардаптарға әкеп соқса, –

үш жылға дейiнгi мерзiмде белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Парақшамызға жазылыңыз

6 Comments

  1. Сіздерге Алланың нұры жаусын, өте жан-жақты түсіндіріпсіздер. Осы айдарды жүргізгендеріңіз ақпарат саласындағы қалың жазарман қауымға үлкен көмек деп ойлаймын.

  2. Қазір Қазақстандағы қазақтілді БАҚ қолданыстағы БАҚ жалпы санының тек 19 пайызын құрайды екен. Ал елдегі қазақтардың қазіргі салыстырмасы 70 пайызға жуықтайды. Бұл деген сөз Қазақ елінде отырып қазақ тіліндегі ақпаратпен тыныстамаған елдің рухы мен ойы осы елді жаулап отырған ақпарат беруші басқа пиғылдағы топтардың жетегінде кетеді деген сөз. Осыған қарап-ақ, ақпараттық қауіпсіздіктің Қазақстанда қандай өреде екенін білуге болады. Сіздер ақпараттық қауіпсіздікті мүлде түсінбейді екенсіздер. Айтып отырған ақпараттық қауіпсіздіктеріңіз тіпті әу бастан-ақ тұрақталып, заңмен бікітіліп қойылған мемлекеттік құпиялар жайлы ғой… Тозған елдің азған ұрпағынан қазір не күтуге болады…

  3. дұрыс айтасың, Бір бала. Әлі күнге дейін таза қазақ тілінде ақпарат тарататын ақпараттық агенттік жоқ. Қазақстанда қазір қазақ тілінде әрең 500-ге жетер-жетпес газет-журнал шығады екен. ал орыс тілінде неше мыңдап саналады, оның қаншамасы Ресейден ағылады…

  4. Меніңше ақпараттық қауіпсіздік мәселесі бұдан да қатты күшейтілуі керек!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар