/

Интернет ғасырындағы көпшілік кітапханалар

1148 рет қаралды
1


Морис Дж (Митч) Фридман

Түпсіз ғаламтордағы мәліметтің ішінде адасып кетпеу үшін адамдар әлі де болса кітапхана мен кітапханашылардың қызметтерін пайдалануда.

Морис Дж (Митч) Фридман бұған дейін Нью-Йорк штатындағы Вечестер аймағында кітапхана жүйесінің директоры және Америка кітапхана қауымдастығының президенті болған.

Фотомонтаж: Тәулік бойы қызмет ететін Интернет дәуірінде кітапханашылардың жұмысы бұрынғыдан да қауырт болып кетті. Тұрақты оқырмандар енді үйге алған кітаптарына тапсырыс беріп, тіпті кітапхана немесе өзге қорлардағы аудиокітаптарды дербес компьютерлеріне көшіріп алса болады. Кітапханаларда бұқара игілігі үшін пайда болған компьютерлер саны көбейген сайын ғылыми жұмыспен айналысушылар, Интернет арқылы мәлімет іздеушілер немесе электронды поштамен қолданғысы келетіндер саны өсе түсті.

(Барлық суреттер AP/WWP)

Интернеттің пайда болуымен кітапханалар құрдымға кетеді деп бірнеше жылдан бері болжам жасап жүрген көріпкелдер бар. Алайда Америка Құрама Штаттарындағы қоғамдық кітапханаға бас сұғатын болсаңыз, келушілердің саны күн құрғамай ұлғайып келе жатқанын байқайсыз. Интернеттің пайда болуымен керісінше адамдардың мәлімет тұтынуға кететін уақыты көбейді, әрі кітапханалар өз оқырмандарын виртуалды түрде оның шекарасынын тысқары жерлерге де саяхаттап қайтуға мүмкіндік береді.

Соңғы 150 жылдың көлемінде қоғамдық кітапханалар мәлімет сақтаушы һәм тасушы жаңа технологияларды өздері ғана игеріп қоймай, оны насихаттаумен де айналысып келеді. Ақпарат әлеміне шығуға мүмкіндік беретін Интернет пен оны қамтамасыз ететін қызмет түрлері қоғамдық кітапханаларға бұған дейінгі болған технологиялардан сапасы мен мазмұн тұрғысынан анағұрлым ерекшеленетін технология әлеміне есігін ашты. Интернет арқылы анылатын мәліметтің көптігінен қоғамдық кітапханалардың ұсынатын мәліметтерінің сапасына да оң әсер етті.

Біріншіден, қоғамдық кітапханалар Интернеттің көмегімен аптасына жеті күн әрі тәулік бойы жұртшылыққа онлайн режимде ақпараттық қызмет пен мәліметтерді ұсынады. Интернеттің бағдарламаларымен жұмыс істей алатын адамдар үйінен шықпай-ақ кітапхана қорының каталогын мұқият парақтап, өзіне қажетті кітапқа тапсырыс беріп немесе өткізуге тиісті кітаптың мерзімін ұзарта алады. Аптасына жеті күн және тәулік бойы мұндай мүмкіндіктің барлығы кітапханалардың Интернеттегі арнайы желілік бағдарламаға қосылған соң мүмкін болып отыр.

Кітаптарға онлайн режимде тапсырыс беру кітапханаға тұрақты келушілер үшін ерекше қолайлы. Көптеген кітапханалар Интернет жүйесіне қосылған соң кітапқа тапсырыс берушілер саны қолмен қағазға толтыратын кезбен салыстырғанда екі, тіпті кей жерлерде үш есеге дейін артқанына көз жеткізген. Нью-Йорк штатындағы Вестчестер аймағындағы қоғамдық кітапхананың Нью-Йорк қаласына[i] қызмет көрсететін кооперациялық жүйесіне жүргізілген бақылау 1999 жылы бір ай ішінде тапсырыс берушілер саны 400-ден 2005 жылы 93 000-ға дейін өскенін көрсеткен. Мұндай көрсеткішке жетуге кітапхананың каталогты жүйесі үйінде интернетке қосылған компьютері бар аталған аймақтағы тұрғындар үшін тәулік бойы қызмет етуі себеп болды.

Бүгінде онлайндағы каталог іздеу және сақтау функцияларын бұрынғыға қарағанда өте ыңғайлы. Кітаптар мен өзге де баспа деректердің «ақыры таяды» деген болжамдар болғанына қарамастан, тапсырыс берілген кітаптардың 30%-ы 1990-жылға дейін жарық көрген кітаптардың үлесінде[ii]. Кітапханашылар осы уақытта дейін сөрелерде шаң басып жатқан кітаптардың өзі оқыла бастады дейді. Каталог онлайн режимде қызмет көрсеткеннен кейін оқырмандар бұған дейін назардан тыс қалып жүрген әдеби туындыларға тапсырыс бере бастады. Осылайша жаңа технологиялардың көмегімен көпшілік кітапханалардың дәстүрлі де күнделікті жұмыстарының екінші тынысы ашылды.

Жаңа технология мен жаңа медианы әртүрлі мақсатта қолдану кітапханалардың дәстүрлі қызметтерін жетілдіріп, тек электронды ақпарат құралдарына тиесілі болатын жаңа қызметтің де пайда болуына түрткі болды.

Мұндай қызметтің алғашқы түріне Интернет жатады. АҚШ кітапханаларының 90%-ы тұрғындарға Интернет қызметін ұсынады. Өз үйлері мен жұмыс орындарынан ғаламторға шығу мүмкіндігі болғанымен көптеген себептерге байланысты адамдар қоғамдық кітапханаларға келіп, Интернеттен қажетті мәліметтер іздеп, электронды поштамен келген хаттарын оқып, оған жауаптарын жазып, рұқсат етілген жерлерде әлдебір чаттарда сұхбаттасады.

Оқиғаның дәл бұлайша өрбуі қоғамдық кітапханалардың салық төлеушілер есебінен демеушілік болуына ұласатын жаңа бір қызметтің пайда болуына алып келді. Интернеттің балалар үшін қауіпті деген көзқарас белең алған соң, ата-аналар мен балаларға және осы сауал көкейін тесіп жүрген жандарға арнап, кітапханалар арнайы курстар ұйымдастыра бастады. Бұдан бөлек көптеген қоғамдық кітапханалар өздерінің сайттары арқылы ата-аналар мен балаларға арналған арнайы сайттарға сілтемелер жасайды. Тұтастай алғанда кітапханалардың ата-аналар мен балаларды Интернеттің қауіпсіздігінен қорғауы арнайы фильтр немесе шектеу қоюмен емес, оларды алдын ала қауптің бар екенін ескертумен байланысты.

Интернеттің апта бойы және тәулік бойы қосылып тұратынын және тағы да қосымша технологиялар арқылы көптеген қоғамдық кітапханалар электронды пошта немесе чат арқылы да анықтамалық қызметтер ұсынады. Көптеген интернет қолданушылар кітапқа тапсырысты телефонмен емес, электронды пошта арқылы тапсырыс бергенді қалайды. Себебі телефон арқылы ұзақ күтіп қалуың мүмкін.

Көпшілік кітапханалар сонымен қатар «Веблиографиялар» ұсынады. Бұл сөздің ішінде екі бір бірін адамзатқа қызмет көрсетуде толықтырып тұрған «әлемдік тор» және «кітапхана» деген екі ұғым бар. Кітапханалар сонымен қатар адамдардың жас ерекшелігі мен қызығушылықтарына орай аннотацияланған пайдалы сайттардың сілтемелерін де ұсынады. Бұл тізімді кәсіби кітапханашылар әзірлейтіндіктен оның дәлдігі мен анықтығына кепіл бар. Коммерциялық іздеу тораптары ондай дәлдікке кепіл бере алмайды.

Бронкс, Манхэттен және Стейтенайленд тұрғындарына жарты ғасырдан бері қызмет көрсетіп келе жатқан Нью-Йорктың көпшілік кітапханасы балалармен жұмыс істеуде арнайы әдісті қолданады. Бұл кітапхана төмендегідей сайттарды қарауға кеңес береді: Балаларға арналған веб-сайттар [http://kids.hypl.org], Әркім білуге тиісті суретті кітап (таяуда қайта басылып шыққан кітап) және Балалардың сүйікті 100 кітабы. Онлайн режимдегі осы библиографиялық басылымдарды оның баспа өніміне қарағанда тұтынушылар саны анағұрлым көп.

Ақпараттық ресурс саласындағы мамандар сайт арқылы мәлімет іздеуші ата-аналар мен балаларға бұдан да ұғынықты да, түсінікті кеңес бере алады. Балаларға арналған интернет сайттың үстіңгі бөлігіндегі кішкентай бөлім ғылым мен техника, гуманитарлық ғылым мен ойындар, кітапхананың бөлімшелерінде ұйымдастырылатын іс-шаралар, кітап оқу кештері, қызықты адамдармен кездесулер мен көрікті жерлерді аралау, спорттық тақырып бойынша, атаулы күндер мен мерейтойлар және тағы басқа тақырыптар бойынша қосымша мәліметтер ұсынады.

Көптеген штаттар ақпараттар базасына арнайы лицензия алған. Мұндай лицензия алған ақпаратық базаны кез-келген штаттың тұрғыны аталған сайт арқылы пайдалана алады. Яғни, 3000 атаулы мезімді баспасөзі бар ақпараттық базаны кішкентай елді-мекендегі, шамасы тек 50 басылымға жазылуға жететін кітапхана да жалға алып пайдалана алады деген сөз. Қазіргі таңда Нью-Йорктағы және өзге де көптеген штаттардағы көпшілік кітапханалар мыңдаған баспа өнімдерінің электронды нұсқаларын қолдайды. Нәтижесінде апта бойы, әрі тәулік бойы өз оқырмандарына тегін ұсынатын мәліметтердің көлемін үнемі ұлғайтып отырады.

Жоғарыда келтірілген мысалдардың барлығы Интернет көпшілік кітапхананың ресурстарын бұқараға бұдан да жақындата түскенін айғақтайды.

Дәл осы Интернеттің көмегімен қоғамдық кітапханалар гүлденіп, адамдардың ақпаратқа деген қажеттіліктерін қанағаттандырып жатыр.

Қолжетімділік. Көпшілік кітапханаларға келушілер саны өте көп. Олардың дені кітапхананың интернетке қосылуға арналған компьютерлерін қалағаныша қолданады. Бұл адамдардың барлығының үйінде компьютер мен интернет бар деген түсініктің қате екенін көрсетеді. Компьютерлер үнемі жетіспейтіндей әсер қалдырады.

Қарт кісілер. Кітапханадағы Интернетті жаппай қолданатындардың денін қарттар құрайды. Жас егде тартқан кісілер жаңа технологияға бейімделе алмайды, әрі компьютерден қорқады деген түсінік қате. Қарт кісілердің көбісі интернет арқылы немерелерімен, балаларымен, туысқандарымен хат алысып, денсаулық пен әлеуметтік сақтандыру туралы және өздерінің басқа қызығушылықтары бойынша мәліметтер іздестіреді. Осы жұмыстардың бәрімен олар үйінің қасындағы кітапханада отырып айналысады.

Үй тапсырмалары. Көптеген қоғамдық кітапханалар, кітапхана консорциумдары, тіпті кейбір штаттар да оқушыларға онлайн режимде үй тапсырмасын орындап, арнайы тапсырмалар дайындауға көмектесу үшін tutor.com [http://www.tutor.com] мен келісім жасасып қойған. Бұл қызметтің аса пайдалы деп саналуының тағы бір себебі оқушылармен онлайн режимде шынайы мұғалімдер де жұмыс істейтіндігінде.

Жылдам іздеу. Онлайндағы кітапханалардың каталогтарынан мыңдаған кітаптың мұқабасын, мазмұнын, тақырыптары мен бастапқы тарауларын, рецензияларын қарап шығуға болады. Қазіргі таңда көптеген интернет қолданушылар кітапханаға бармай-ақ оны қолға ұстамай-ақ кітап туралы үйінде отырып, қажетті мәліметке қаныға алады.

Онлайн режимдегі шолулар. Кейбір кітапханалар онлайн режимде арнайы тақырып бойынша топтастырылған кітаптарға шолу жасай бастады. Мысалы, Нью-Йорк штатындағы Осетин қаласының көпшілік кітапханасы өзінің сайтына қазіргі сыншылар мен жазушылар құрастырған заманауи әдебиет бойынша Ossining Review of Books [http://www.ossininglibrary.org/bob/default.aspx] атты жаңа электронды анықтамалығын қосты. Бұдан бөлек қала тұрғындары сайтқа кіріп, өздерінің осыған қатысты немесе әлдебір кітапқа байланысты пікірлерін де қалдыра алады.

Үйінде жаңа технология мен жаңа медиаға шығатын мүмкіндігі барлар үшін қоғамдық кітапханалардың маңызы арта түсті. Ал мұндай мүмкіндігі жоқтар кітапханадағы бұқаралық компьютерлерді қолдана алады. Жаңа ақпараттық технология кітапханалар адамдардың бір-бірімен мәлімет пен ақпарат бөлісетін жайлы мекен деген дәстүрлі түсінікті қайта жаңғыртты.



[i] Весчестер қаласының тұрғын саны 923 000 адам. Бұл аймақтың ақпараттық жүйесінде 38 тәуелсіз қоғамдық кітапханалар бар. Вестчестер – АҚШ-тың үлкен қалаларының қасындағы бақуатты өлкелердің бірі.

[ii] Весчестер кітапханасының мұрағатындағы каталогта ақпаратты сақтаушылардың барлығы, мәселен: магнитті таспаға жазылған кітаптар, DVD, компакт-дискілер және кітапханадағы өзге де материалдар.

“Media Emerging” журналын қазақшаға аударған Асхат Еркімбай

Барлық авторлық құқықтар қорғалған. Автордың рұқсатынсыз көшіріп, жариялауға болмайды (с)

Мақалада келтірілген пікірлер АҚШ үкіметінің саясатын немесе көзқарасын білдірмейді.

________

АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің халықаралық ақпараттық бағдарламалар бюросы «АҚШ э-журналы» белгісінің аясында төмендегідей бес журнал шығарады: «Экономикалық басымдықтар», «Ғаламдық мәселелер», «Демократия мәселелері», «Сыртқы саясат» және «Қоғам мен құндылықтар».

Жаңа журнал ай сайын ағылшын тілінде жарық көріп, бірнеше аптадан соң испан, португал, орыс және француз тілдеріндегі аудармалары жарияланады. Кейбір сандары сонымен қатар араб және қытай тілдерінде де басылып шығады. Әр журналдың шығу жөніндегі есептік мәліметтері бар. Томы, яғни баспа шыққаннан бергі реттік томы мен кезекті нөмірі және ағымдағы жылға сәйкес нөмірі.

Журналда айтылған пікірлер АҚШ үкіметінің көзқарасын білдірмейді. АҚШ мемлекеттік департаменті журналда көрсетілген сайттардың мазмұнына жауап бермейді. Ол ресурстардың бар-жоқтығына оны шығарушылар жауапты. Журналдағы мақалалар, суреттер мен кесіндерді егер мақалаға қатысты авторлық құқыққа қатысты арнайы шектеу немесе нұсқау болмаса, Америка Құрама Штаттарынан тыс жерлерде жариялауға және аударуға болады. Өйтпеген жағдайда журналда аты аталған автордан рұқсат алу керек.

Журналдың ағымдағы немесе өткен сандарын және алда жарық көретін сандарының электронды нұсқаларын Халықаралық ақпараттық бағдарламалар бюросының сайтынан «http://usinfo.state.gov/journals.htm» табуға болады. Ұсыныстар мен ескертпелерді өз еліңіздегі АҚШ елшілігіне немесе төмендегі поштаға жолдаңыз:

Editor, eJournal USA

IIP/T/GIC

U.S.Department of State

301 4th Street SW

Washington, DC 20547

United States of America

Электронды адрес: ejglobal@state.gov

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар