/

Жер телімін аламын десеңіз…

1283 рет қаралды
7

Үй салатын жер телімін сатып алғанда сатып берушіде қандай құжаттар болғанда оның документтері толық болып есептеледі және өз басыма тіркету үшін не істеуім керек?

kazprose

Саламатсыз ба, kazprose, біздің “Заңгер кеңесіміз” негізінен медиа құқыққа арналған еді. Бірақ журналистердің бұны да біле жүргені жөн деген оймен сауалыңызға жауап беруді жөн көріп отырмын.

Жер телімін сатып алған жағдайда сатушының төмендегідей құжаттары болуы тиіс:

–         Жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін акт

–         Жергілікті әкімшіліктің «жеке меншік тұрғын үй салуына байланысты

–         «жер телімін беру туралы» өкімі

–         Егер болса аудандық сәулет және қала құрылыс бөлімінің жеке тұрғын үйдің жобасы, болмаған жағдайда үй жобасын өз қалауыңызша дайындату, өз құзырыңызда болады

–         Сатушының жеке төлқұжаты

–         әлеуметтік жеке код беру туралы куәлік (СИК)

–         Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (РНН)

Сатып алушының төмендегідей құжаттары болуы тиіс:

–         Сатып алушының жеке төл құжаты

–         әлеуметтік жеке код беру туралы куәлік (СИК)

–         Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (РНН)

Жоғарыда аталған құжаттар негізінде нотариус кеңсесінде сатып алыу сату шартын жасасасыз, егер некеде болсаңыз жұбайыңыздың келісімі қажет.

Әрі қарай Халыққа қызмет көрсету орталыңына (ЦОН) барып құжаттарды тіркеуге тапсырасыз, оған қажетті құжаттар:

–         жеке төл құжатыңыз (түпнұсқасы мен көшірмесі)

–         әлеуметтік жеке код беру туралы куәлік (СИК) (түпнұсқасы мен көшірмесі)

–         Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (РНН) (түпнұсқасы мен көшірмесі)

–         «жер телімін беру туралы» өкімі (түпнұсқасы)

–         Сатып алу сату шарты (түпнұсқасы мен көшірмесі)

 Әзірлеген Жанерке

Парақшамызға жазылыңыз

7 Comments

  1. Дегенмен қағазбастылық көп сияқты. Осының өзін жинап біткенше шаршап кетесің ғой

  2. Медиа құқық жайлы айта беріңіздер, мұндай кеңестер жайлы болса мәселе таусылмайды…

  3. Меніңше осындай кеңестер де керек қазақ интернетіндегі тұтынушыларға. Рахмет сіздерге.

  4. Өте қажетті ақпарат Енди көпқабатты баспананы алу үшін қандай құжаттарға мән беру керек соны жеткізсе жақсы болар еді, Рахмет

ErKahan жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері