«Алаш көсемсөзі» кітабының 10 томдығы жарық көрді

1217 рет қаралды
2

Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Алаш көсемсөзі» 10 томдығының тұсаукесер рәсімі өтті.

Жинақта бұған дейін ғылыми айналымға толық түспеген «Шолпан», «Жас Түркістан», «Сана», «Таң», «Абай» және «Сарыарқа» газет-журналдарының жарияланымдары жан-жақты зерделенеді. «Алаш көсемсөзі» көптомдығында Мұстафа Шоқайды бастамасымен шыққан «Жас Түркістанның» тәуелсіздік, ел мен жер, ғылым-білім, тіл туралы көсемсөздері топтастырылып, Алаш арыстарының мақалалары түпнұсқада берілген. Мамандар «Алаш көсемсөзі» көптомдығы – қазақ журналистикасының зор табысы», – деп бағалап отыр. Себебі Алаш қозғалысының тарихы мен әдебиеті біршама зерттелсе, көсемсөзі алғаш рет жинақ болып жарыққа шығарылды.

Алаш көсемсөзін дәл қазір жаңғырту ауадай қажет. Оның бірнеше себебі бар. Біріншіден, Алаш қайраткерлері ел тәуелсіздігі мен азаттығы туралы осыдан 70-80 жыл бұрын айтты. Сол себепті бүгінгі Тәуелсіздікке тұғыр болатын ой-идеяларды Алаш мұраларынан табамыз. Екіншіден, аяулы тұлғаларымыздың көсемсөзі халық санасынан әдейі өшірілді. Қысқа уақыттың ішінде араб жазуынан латынға, одан кейін кириллицаға көшу халықтың бүкіл рухани әлеміне салдарын тигізді. Алаш қайраткерлері ақталған күннің өзінде қазіргі ұрпақ олардың не жазғандарынан бейхабар. Себебі шағатай, араб жазуларын кез келген адам оқи алмайды. Ендігі бір тарихи оқиғаларды зерттеуде, баға берерде сол кезеңде жарық көрген баспасөзге, онда жарияланған көсемсөзге жүгінбеу мүмкін емес. Өйткені ол – сол кездің шындығын, уақыттың үнін, тыныс-тіршілігін айна-қатесіз беретін баспасөз, – дейді жоба жетекшісі, профессор Намазалы Омашев.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Құтты болсын! Алашты зерттеу әлемінің кемесіне енді міндік қой.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар