//

Дариға Назарбаева тағы депутат болмақ

684 рет қаралды
5

 

2005 жылғы саяси карьерасы сәтсіз аяқталып, «Асар» партиясын «Отанға» қосқаннан кейін, саяси өмірден қол үзіп көлеңкеде қалған, оның үстіне экс күйеуі Рахат Әлиев пен әкесінің арасындағы кикілжің де  саясаттан қол үзуіне себеп болған Дариға Назарбаева бұл жолғы «Нұр Отан» партиясының депутаттыққа үміткерлердің қатарына енді.

25 қарашада съезін өткізген «Нұр Отан» партиясы алдағы мәжіліске үміткерлердің тізімін жария етті. Елдегі саяси сарапшылардың пікіріне сүйенсек, әкімшілік ресурстарды пайдалансын, пайдаланбасын бұл сайлауда да басты жеңімпаз «Нұр Отан» партиясы болмақ. Қалған партиялар екінші орын үшін жан алып, жан беріспек. Президенттің саяси кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев «Нұр Отан» партиясы жеңімпаз болып қана қоймайды, сонымен қатар, бұл жолы да 90 пайыз дауысқа ие болады деген болжам айтады. Ал қалған 10 пайызды өзге партиялар қанағат тұтпақ. Ендеше бұл сайлауда Дариға Назарбаеваның депутат креслосына отыратынына сеніміміз кәміл. Айтпақшы 2005 жылғы сайлауда Дариға Назарбаевның партиясы «Асар» Мәжілістен бір орынға ие болып, ол осы орынтақта аз да болса отырып көрген еді.

Сондай-ақ, сарапшылардың болжамы расталды. Бұрынғы мәжілісмендердің 80-90 пайызы депутаттық креслоны сақтап қалмақ. Әрі депутаттық креслодан қазіргі облыс және қала әкімдері де үмітті.

Есен Байнұр.

Парақшамызға жазылыңыз

5 Comments

  1. Тамаша әртіс. Қандай рөлде де ойнай алады. Айтқанды істей алады. Бірақ елді басқару қолынан келе қояр ма екен? Басшының өз басы істеу керек қой.

  2. Дариға енді парламентті басқар ма? Қазақтан бір ұл тумады ма? Билердің тұқымынан біреу де қалмағаны ма?

  3. қазақта бір мақал бар, осы жерге соның ыңғайы келіп-ақ тұр екен, бірақ айтпаймын, мен оптимиспін, іштеріңіз білсін. Жалпы бас жақтың қабылетіне күмәнәм бар.

Parasat жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі