//

«Қоқысқа тасталуы тиіс болған камзол» – Қыз Жібек фильмінен қалған киімнің төңірегіндегі дау

170 рет қаралды

Продюсер Баян Алагөзова 16 сәуір күні инстаграм парақшасына Қыз Жібек фильмінде басты рөлді сомдаған Меруерт Өтекешованың киген камзолын өзіне сыйлық ретінде ұсынылғанын айтты. Бұл жазба желі қолданушылардың арасында дау тудырды. Продюсердің айтуынша бұл камзолды кезінде қойма қызметкері қоқысқа тастамақ болғанда, өзі алып, 30 жыл бойы үйінде сақтаған. Оның сөзінше, құжат бойынша утилизацияланған бұл жәдігерді ешкім іздемеген.

Баян: Неге екені белгісіз, 50 жылдан астам уақыт бойы бұл камзол ешкімге қажет болмады, ешкім оны есіне де алмады. Бұрын бұл адамдар қайда болды?,- дейді.

«Маған “сен ғана лайықты сақтай аласың” деп тапсырды. Мен соған мақтанамын», – деді ол. Продюсер алдағы уақытта камзолды насихаттауды көздейтінін жеткізді.

Сонымен қатар продюсер костюм элементін кеңінен танымал етуді көздейтінін айтты. «Мен 600 дана көшірмесін тігемін, сонда әркім бұл “Қыз Жібек” камзолы екенін білетін болады», — деді ол. Бұдан бөлек, Роза Бағланованың костюмі бар екенін және қазақстандық танымал өнер иелерінің костюмдерін сатып алуды  жоспарлайтынын жеткізді

Ал Қазақфильм киностудиясы және Мәдениет және ақпарат министрлігі бұл мәселеге қатысты ресми түсініктеме берді. Министрліктің мәліметінше, киностудия музей қорында фильмде пайдаланылған түпнұсқа камзол сақтаулы және ол ұлттық мәдени мұра ретінде қорғалады. Министрлік продюсер көрсеткен екінші камзолдың жеке қолға қалай өткенін анықтап жатқанын мәлімдеді. Сонымен қатар, «Қазақфильм» ұлттық фильмдердегі реквизиттерді жинақтау, қалпына келтіру және сақтау жұмыстарын жүргізіп отырғанын атап өтті. Ведомство өкілдері алдағы уақытта киностудия жанынан заманауи музей ашу жоспарланып отырғанын да хабарлады. Онда отандық кино тарихына қатысты бірегей экспонаттар қойылады. Мәдениет және ақпарат министрлігі  мәдени құндылықтарды сақтау мәселесі бақылауда екенін және қоғам сұрақтарына ашық жауап беруге дайын екенін айтты.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар