//

Сот отырысы ашық болса…

1590 рет қаралды
5

Сот отырысын судьяның өзі ашық деп жариялайды. Оған барсаң арнайы қосымша құжат алып кел деп кіргізбейді. Бұл қаншалықты заңды? Сосын соттың ғимаратының ішін түсіре бастасаң болды камераға жабысады. Бұл қаншалықты заңға сәйкес?

БАҚ туралы Заңның 20-бабында журналистің құқықтары  жазылған, осы баптың 2-тармағына сәйкес журналист

-мемлекеттік органдарға, ұйымдарға қатысуға құқылы,  лауазымды тұлғалардың қабылдауында болуға құқылы.

КІЖК-нің 29-бабы мен АІЖК 19-бабына сай барлық сот сатыларында  істерді қарау ашық түрде өтеді.

Соттың жабық отырыс екендігі жөнінде міндетті түрде соттың ұйғарымы болуы қажет.

Аталған заң құжаттарының ережелері журналистердің өз қалаулары бойынша барлық ашық отырыстарына қатысуын қамтамасыз ету қажеттігін растайды.

Конституциямыздың 20-бабына сай және БАҚ туралы Заңның 2, 18, 20-баптарына сай журналист заңға қайшы келмейтін ақпаратты алуға және таратуға, кино мен фотоға түсіруге құқылы.

Азаматтық процессте: (ҚР АІЖК-нің 19-бап. 8тармағына сәйкес) сотта істі қарау барысын залда отырған орындарынан жазып алуға немесе дыбыс жазуды пайдаланып жазып алуға құқығы бар – соттың рұқсатынсыз. Киноға және суретке түсіру, бейнетаспаға жазу, тікелей радио және телехабар жүргізу – соттың іске қатысушы адамдардың пікірін ескере отырып соттың рұқсатымен ғана мүмкін болады. Бұл іс-әрекет сот отырысының қалыпты жүруіне бөгет жасамауға тиіс және оның уақытын сот шектеуі мүмкін.

Қылмыстық процессте: Сот отырысы залында суретке түсiруге, дыбыс, бейнежазбаларды қолдануға және киноға түсiруге төрағалық етушiнiң рұқсатымен ғана жол берiледi. (ҚР ҚІЖК-нің 326 бабының 6 тармағы).

Әкімшілік іс жүргізуде: (ҚР ӘҚБК-нің 24 бабының 4 тармағы) өздерi иеленген орыннан iс жүргiзудiң барысын жазбаша түрде немесе аудиожазуды пайдалана отырып жазып алуға құқылы. Iс жүргiзу барысында кино- және фотосуретке түсiруге, бейнежазбаға, тiкелей радио- және телехабарларды  таратуға соттың, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) рұқсаты бойынша, iске қатысушы адамдардың пiкiрлерi ескерiле отырып жол берiледi. Бұл iс-әрекеттер iстiң қалыпты жүруiне кедергi жасамауға тиiс және оларға уақыт жағынан шектеу қойылуы мүмкiн.

ҚР “БАҚ туралы” заңы журналиске жазба жүргізуге, соның ішінде аудио-визуалдық техниканың көмегімен фото-бейне түсірімдер жасауына рұқсат береді, тек КР заңдары тыйым салғанда ғана оны істеуге болмайды. Олай болса, сот мекемесін іштен де, сырттан да және сот процесінен тыс уақытта да түсіре беруге болады.

Егер сот приставы немесе басқа бір шенеулік сізге сот кеңсесін түсіртпей жатса, онда одан сол заңды, оның тыйым салатын нақты бабын көрсетуді сұраңыз. Егер сізге карсы сұрак қойылса, онда ҚР “БАҚ туралы” заңының “ҚР заң актілерінде тыйым салынған жағдайларды қоспағанда, жазбалар, соның Ішінде оларды дыбыс-бейне техникасын, кино-фото түсіру құралдарын пайдалана отырып жасауға” рүқсат беретін 20-бабын 3-тармағын көрсетіңіз. Мысалы,  ҚР Қылмыстық-атқару кодексінде түзету мекемелері мен тергеу изоляторларын тек әкімшілік рұқсатымен түсіру болатыны көрсетілген.

Дайындаған Жанерке.

Парақшамызға жазылыңыз

5 Comments

  1. Жанерке, рахмет!
    Менің естуімше, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы үй салу мақсатында тегін 10 сотық жер теліміне ие бола алады екенн. Бұл рас па?

  2. Саламатсыздар ма, бізде Ақтөбеде “Теміржолшы” деген газет шығатын. Қостілді еді. Біз мақалаларымызды қазақша жазып, бірінші, екінші бетке орналастыра беретінбіз. Қазір жаңа басшылық келгеннен бері, алғашқы беттерін орыс тіліндегі мақалаларға ғана арнады да, соңғы беттерін қазақ тіліндегі мақалаларға беретін болды. Ол жерде спорт, мәдениет тақырыбы қамтылады. Енді маған мақалаңды орысша жаз дейді. Бұл заңды ма? Тілдер туралы заңға қайшы келмей ме?

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері