////

Жәркен Бөдешұлы. “БҰРЫЛЫС”(жыр кітабы)

4144 рет қаралды
8

Қазақ сөз өнеріндегі ірі таланттардың бірі, көрнекті ақын, халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты Жәркен Бөдешұлының “Бұрылыс” атты жыр кітабын оқырманға ұсындық. “Мінбер” Интернет газеті ұжымы қалың әдебиет сүйер қауымға қазақ әдебиетінің жауһарына айналған басқа ақын-жазушыларымыздың үздік шығармалары мен кітаптарын үздіксіз жариялап отырады. Аталған шығармалардың авторлық құқығы сақталған. Көшіріп пайдалануға тыйым салынады.

ӨМІРДЕРЕК:

БӨДЕШҰЛЫ ЖӘРКЕН

1944 жылы 15 мамырда туған. ҚазМУдің журналистика факультетін бітірген. Мерзімдік басылымдарда және мемлекеттік Кітап палатасында жауапты қызметтер атқарған. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында бөлім меңгерушісі болған. Қазір Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының әдеби кеңесшісі. Әр алуан басылымдарда ақынның «Аңырақай бекетіндегі ой», «Қарауыл төбе», «Генерал Жаһар Дудаев», «От пен су» («Сорос– Қазақстан» қорының жүлдесі берілген), «Тас бесік», «Бостандықтың басы», «Шер», «Жалғыз» атты дастандары жарияланды.
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Түркі тілдер елдері поэзиясы ІІ фестивалінің лауреаты, Қ.Сәтбаевтың 150 жылдық мерейтойына арналған халықаралық мүшәйраның бас жүлдегері.
Шығармалары: Көкше құрақ. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жалын», 1979; Қос қанат. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1982; Зейін. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жалын», 1984; Аспан даусы. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1985; Нұрлы бояулар. Өлеңдер мен поэмапортреттер. А., «Жалын», 1988; Жұлдызға орнын ай бермес. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Сөзстан», 1996; Емендер түнде бүрлейді. А., «Ана тілі», 2001; Бөрінің асығы. А., «Жазушы», 2005; Бұрылыс. А., «Сөздіксловарь», 2007.

Парақшамызға жазылыңыз

8 Comments

  1. Жәркен ағаға ризамын. Мықты ақын. Сөз жоқ. Тек ақсақал басымен жастарға үлгі бола алмай жүргені қынжылтады. Имандылыққа бет бұрса, шіркін. Сонда өлеңдеріндей нағыз Жыр Жәркені болар еді-ау. Өмірде өлеңімен, өлімге өнерімен өнеге болып жүрген ағамыз дін-иманымен де үлгі болады деген ойдамын. Себебі Жәркен ағамыз дінді жақсы біледі. Күн батып кетпей, ғұмыр аяқталып кетпей, иман атты визамен кетерсіз, аға!!! Сіз жақсы адамсыз, бірақ өнегелі емессіз. Сіз ақылды адамсыз, бірақ кішіпейіл емессіз. Сіз өзінізді ғана жақсы көретін адамсыз, бірақ басқаларды жек көресіз. Анау Ақберен, Бейбіт, Мақсат, Ерлан сияқты жас інілеріңізге үлгі болыңызшы…

  2. Дурыс айтасын талгат, Алла оленге карамайды, журекке, омирге карайды

  3. талгат, өнегелі емессіз, кішпейіл емессіз деген пікіріңізге мен мүлде қосылмаймын. Басқаларды жақсы көрмейсіз деген сөзіңізге де келіспеймін. Тек имандылық жайлы, жастарға үлгі көрсету, аталық орынын сақтау жайлы айтқан сөзіңізге ғана келісуге болады. Меніңше қалғаны көреалмастықтан туған пендешіліктің бос сөзі.

  4. Ағамыздың жырларын енді интернеттен де оқи алатын болық! 🙂

  5. Aдамның артында өзі қалмайды, сөзі қалады. Жәркен өзі үшін жазбайды, өркені үшін жазады өлеңді.

  6. Ақынның ақ пен қарасын сарапқа салып отырған азаматтарға айтарым: “жақсысынан үйреніп, жаманынан жиреніңдер”.

  7. Теңеулері өте керемет. Маған ұнады. Неліктен басқа оқырмандарға керіғара ой қалдырасыңдар?

Elbol жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері