//

Жайыр таудың Жәркені. Жыр алыбы Жәркен Бөдеш өтті өмірден

1721 рет қаралды

76 жасында Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Жәркен (Жармұхаммед) Бөдешұлы көз жұмды.
Ол 1944 жылы 15 мамырда ҚХР-дың Тарбағатай аймағы Толы ауданындағы Жайыр тауында туған.
ҚазМУдің журналистика факультетін бітірген. Түрлі мерзімдік басылымдар мен мемлекеттік Кітап палатасында жауапты қызметтер атқарған. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында бөлім меңгерушісі болған. Соңғы жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының әдеби кеңесшісі болып қызмет атқарды.
“Көкше құрақ”, “Қос қанат”, “Зейін”, “Аспан даусы”, “Нұрлы бояулар”, “Жұлдызға орнын ай бермес”, “Емендер түнде бүрлейді” атты өлеңдер мен поэмалар жинағының авторы.
Жәркен ақын қазақ әдебиетінде табиғат құбылыстарын ерекше суреткерлікпен жырлаған, туған жер жайында көп жазған, поэмаға көп қалам тартқан ақын ретінде ерекше қолтаңба қалдырды.

“Мінбер” ақпараттық агенттігі марқұмның жақындарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері