//

Таеквондодан (WT) Әлем чемпионаты: Қазақстан қоржынында алғашқы медаль

68 рет қаралды
Фото: Қазақстандық Таеквонда Федерациясының баспасөз қызметі

Ташкентте таеквондодан жастар арасында өтіп жатқан Әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті. Ұлдар арасында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ерасыл Ерзат жаһан жарысының қола жүлдегері атанды. Ерасыл жарыс барысында бес кездесу өткізді. Оның төртеуін жеңіспен аяқтады. Қазақстандық спортшы Армения, Кот-д’Ивуар, Эквадор және Иран спортшыларын жеңді. Бірақ жартылай финалда Оман спортшысы Аль-Юсуфи Дауд Фахадқа жол берді. Айта кетейік бұл 16 жастағы Ерасылдың жастар арасындағы алғашқы Әлем чемпионаты. Әлемдік сындағы дебютінде ол жүлдегер атанып отыр. Өзбекстан астанасындағы Әлем біріншілігіне 119 елден 1000-ға жуық жас даянг шебері қатысуда. Жарыс 17 сәуірге дейін жалғасады. Материал Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының баспасөз қызметінің ақпараты негізінде дайындалды.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар