//

Тарихи жеңіс. Айым Серікбаева Әлем Чемпионы

109 рет қаралды
Қазақстандық Тхэквандо Федерациясы

Ташкентте өтіп жатқан таеквондодан (WT) жастар арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы үшін тарихи жетістік тіркеді. Ел намысын қорғаған жас спортшы Айым Серікбаева (-44 кг) әлем чемпионы атанды.

Финалдық жекпе-жекте қазақстандық таеквондошы Мексика өкілі Понсе Нуньес Дара Ширлиді айқын басымдықпен жеңді. Тартысты өткен кездесуде Айым қарсыласына еш мүмкіндік бермеді. Бұл жеңістің маңызы ерекше. Қазақстан құрамасы жастар арасындағы әлем чемпионатының алтын жүлдесін соңғы рет 2006 жылы иеленген болатын. Араға 20 жыл салып келген бұл жеңіс отандық таеквондо тарихындағы маңызды белес.

Айта кету керек, Айым Серікбаева бұған дейін де халықаралық аренада өзін дәлелдеген спортшы. Ол Азия чемпионы және жастар Азия ойындарының жеңімпазы. Енді бұл жетістіктер қатарына әлем чемпионы атағы қосылып отыр. Жалпы, Ташкенттегі дүбірлі додада Қазақстан құрамасының қоржынына бұған дейін Ерасыл Ерзат пен Ислам Медетбай әкелген екі қола медаль түскен еді. Ал Айымның алтыны ел құрамасының нәтижесін жаңа деңгейге көтерді.

Жастар арасындағы әлем чемпионаты 17 сәуірге дейін жалғасады. Ал қазақстандық жанкүйерлер ұлттық құрамадан әлі де жарқын жеңістер күтеді.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Мұхтар Шаханов дүниеден озды

Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек ері, көрнекті ақын, драматург, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов 84 жасқа қараған