///

А.Чехов. Қабырыстандағы түн(әңгіме)

420 рет қаралды
2

– Иван Иванович, қорқынышты бірдеңе айытшы!

Иван Иванович жөтеліп алды да бастап кетті.

– Мас едім… Көне досымның үйінде  жаңа жылды қарсы алдым. Жаңа жыл себебінен мас болмағанымды айтуым керек, себебі жаңа жылға қуану, меніңше, ақымақтық. Ол күні қуанғанның орнына жылау керек қой. Әр жаңа жылмен қатар өлімге жақындайтындығыңды, шашыңның сұйылатындығын, жұбайыңның қартая беретінін, балаңның көбейіп, ақшаңның азаятындығын ұмытпауың керек қой…

Сонымен солай, қайғыдан мас болдым… Досымның үйінен шыққанымда түнгі сағат екі болып та қойған еді. Ауа райы сүркейлі еді. Қарғыс атқыр өзім де күз немесе қыс екенін ажырата алмадым. Қараңғы, жауынды,  сүйектен өтетін желді.

Тар, қараңғы, қаңыраған көшеге шықтым. Бастабында көше шырақтарын көзім шалған еді, соңынан олар ғайып болды да, көзге түртсе көрінбейтін қараңғылық орнады. Сәлден кейін адасқанымды аңғардым. Бойымды қорқыныш билеп, жүгіре жөнелдім. Алдыға қарай зымырай беруді ойыма алдым. «Шырағы жарқыраған кең көшеге шығып қалармын» деп үміттенемін.

Қаншалық жүгіргенім есімде жоқ. Тек суық та дымқыл бір нәрсенің үстіне құап түскенімді білемін. Мен демалып, папирсымды шегіп алу үшін ның үстіне отыра кеткенімде барып өзімнің құлыптастың үстінде отырғанымды сездім…

Орнымнан атып тұрып, құлыптастан кетуге қадам басқанымда тағы бір нәрсеге соғылдым… Зәрем зәр түбіне кетті! Ол ағаш крест екен. «Құдайым-ау  – деп ойладым – қабырыстанда жұрмын ғой!»

Өзімді ештеңеден қорықпауға көндіре бастағанымда, тосыннан жеңіл аяқ дыбысы құлағыма шалынды… Біреу баяу басып келе жатыр, бірақ… бірақ, бұл адамның аяқ алысы емес… Адамның аяқ алысы дейін десем, тым жеңіл «әруақ » деген ой келді маған.

Соңынан біреу дәл қасыма келіп күрсініп жіберді… Одан соң үрген сияқтанған, ырылдаған сияқтанған дауыс естілді. Үрейлі, әрі, қабырыстан қара желі ескендей… Қорқыныштан тас болып қатып қалдым… Кенет жаңа аяқ дыбысын естідім. Біреу туыра маған қарай келе жатыр… Сәлден соң сұп-суық қол иығыма асылды… Есімнен танып кетіппін…

Иван Иванович рюмкадағы воткасын қағып салды

–  Сосын? – деп сұрады қыздар.

– Ес-ақылымды бір тар бөлмеде жинап, қабырғаның арғы жағынан адамдардың дауысын естдім. «Оны қайдан таптың» деп сұрады бір дауыс. «Крест пен құлыптас сататын дүкеннің қасынан – деп жуап берді екіншісі – оның қасында бір ит оған ырылдап, үріп тұр екен… Мас болып қалған сияқты.»

Орыс тілінен аударған: Қалау Сәлеметбайұлы

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қазақстан кинолары Францияда

9-16 желтоқсан аралығында Қазақстандық фильмдер Францияның Париж, Страсбург, сондай-ақ Брюссель (Бельгия) мен Люксембург (Люксембург) қалаларында көрсетіледі.