//

Оқу-ағарту министрлігі мектеп бітіру кештеріне қатысты қатаң талаптар енгізді

70 рет қаралды

Сурет: Алматы қаласының әкімдігі

 Қазақстанда мектеп бітіру кештерін ұйымдастыру тәртібі қайта қаралып, жаңа талаптар енгізілді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді.

Жаңа ережеге сәйкес, бітіру кештерін мектептен тыс жерлерде – мейрамхана, кафе немесе басқа да ойын-сауық орындарында ұйымдастыруға жол берілмейді. Сонымен қатар, білім беру мекемелерінде оқушылардан, олардың ата-аналары мен заңды өкілдерінен қандай да бір қаражат жинауға қатаң тыйым салынады.

Министрлік бұл шешімді оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау және құқықбұзушылықтардың алдын алу қажеттілігімен түсіндірді. Осы мақсатта Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктері бірлескен бұйрық қабылдап, жергілікті атқарушы органдарға қаржы талап етпейтін тәрбиелік және мәдени-ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыруды тапсырды.

Сондай-ақ әкімдіктерге ата-аналар мен оқушылар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту міндеті жүктелді. Ал ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті бақылап, бітіру кештері кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдайтын болады.

Айта кетейік, бұған дейін алматылық болашақ түлектің анасы Тоқаевқа осы мәселе бойынша үндеу жолдаған еді. Үндеу авторының айтуынша, елімізде мектеп бітіру кештеріне 200–300 мың теңгеге дейін қаражат жинау тәжірибесі қалыптасқан. Ал бұл өз кезегінде көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар үшін айтарлықтай қаржылық салмақ түсіретіні анық.

                                                                                                           Әсем Тугилова

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар