//

Шетпеде ереуілшілер пойыз өртеп, темір жолды бұғауламақ болды

532 рет қаралды
1

Қазақстанның Бас прокуратурасы Шетпе станциясында пойыз өртеп, темір жолды бұғауламақ болған ереуілшілерге қарсы оқ атуға мәжбүр болғандығын мәлімдеді.

18 желтоқсанда Жаңаөзен қаласында төтенше жағдайға байланысты, ондағы алты ай бойы ереуілдеткен мұнайшыларды қолдауға шақырған бір топ адам теміржолды бұғаулап, вагондар құрамының жүруіне кедергі келтірген. Ол пойызда 300-ге жуық жолаушы болған.

«Жергілікті уақыт бойынша 20-сағатта полиция қызметкерлері темір жолды босатпақ ниетінде арнайы шаралар қолданған. Алайда 50 есерсоқ полиция қызметкерлеріне белсенді қарсылық көрсетіп, жүк пойызының тепловозын өртеп, ваогндарға тез жанатын сұйықтықтар құйылған бөтелкелер лақтырған» делінген мәлімдемеде. Назарларыңызға оқиға орнынан түсірілген бейне көріністі ұсынамыз.

minber-ақпарат.

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Risya жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі