///

Сәкен – Сәкен Сері – Сәкен Сейфуллин…

2856 рет қаралды
5

Сәкен – Сәкен Сері – Сәкен  Сейфуллин десе ішкен асын жерге қоймайтын қазақ кемде-кем шығар. Өткен ғасырдың басында өмір сүрген қызыл коммунист, айбынды күрескер, қоғам қайраткері, Қазақ кеңес әдебиетінің негізін қалаушы ретінде оның өмір баяны, өткен жолы, жасаған еңбектері, жабылған жаласы туралы Кеңестер дәуірінде кең насихатталған айтулы тұлғаның бүгінгі қоғам мүшелерінің көбінің көкейінде өшпестей сәнді де, мәнді қалпымен сақталып қалғаны баршаға аян болар. Сәкеннің халқы – қазағы, елі-жұрты үшін тар жол тайғақ кешу кешіп жүріп атқарған тау толағай шаруасы былай тұрсын оның адами келбеті, сырт бейне-пішімі, сұлу да көркем көркіне дейін елдің есінде, жамағатының жадында. Оның даңқы елімізде ғана емес шекара асып шет елдердегі қазақ қауымы арасында да аса зор ыждағатпен аталатын. Сәкеннің  «бүркенген шапан желкілдеп, көңіл сұңқарын шалқытатын» «Тау ішінде» әнін ағаларының ақ боз атпен тау ішінде, тас қараңғы түнде шырқап келе жатқанын талай естіген ағайындардың естелігін естігеміз. 

Күні бүгінге дейін Сәкеннің бізге жеткен сурет-фотоларына қарап тамсанып, қызықтап, қадалып отырып қалың ойға батып, жаратқанның қазақтың бір қасқа баласының жанын да, тәнін де көрсе көз тойғысыз етіп жасап, бар сұлулықты бір бойына бере салғанына аңсары ауа оның жанды бейнесін көруге ынтызар, құмар болатыны белгілі. Осындай ойды осыдан оншақты жыл бұрын шамасында Сәкентанушы, филология ғылымының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Тұрсынбек-аға Кәкішұлына қойғанымызда, «әзірге қанағат тұтары Сәкеннің Ленинді жерлеуге Қазақ Елінің делегациясын бастап барған сапарында тұмағын бір жағына қисайта киген бір бейнесі бар» дегені есімізде қалыпты. Міне, бүгін тағы бір үлкен жаңалық естіп отырмыз. Жай жаңалық ғана емес, аса құнды жағалық. Сәкеннің тағы да бір жанды бейнесі түскен бейне кадр табылыпты. Оны тапқан адам – режиссер Жәнібек Жетіруов. 

Ізші режиссер биыл туғанына 130 жыл толмақ халық ақыны, әйгілі аудармашы Тұрмағамбет Ізтілеуов туралы деректі фильмге материалдар жинап жүрген кезінде Мәскеу мұрағаттары арасынан Сәкен Сейфуллиннің әлдебір жиналыстағы бейнекадрын тауып алған екен. Онда Сәкен сол жиналыста екі жолдасымен қатар отырған кезі көрсетілген. Режиссер бұл кадрларды Тұрсынбек Кәкішұлына арнайы көрсеткен көрінеді. Сәкентанушы ғалым бейнекадрдағы Сәкен Сейфуллинді жазбай таныған. Бәрекелді! 

Енді қазақ баласы алашының аты аңызға айналған ардақты азаматы, аты шулы отыз жеті, отыз сегіздің (1937-1938жж) жазықсыз құрбаны «Қазақтың қызыл сұңқары» сұлу Сәкен Сейфуллиннің жанды бейнесін де көре алатын болады. «Аққа құдай жақ» деген міне осы.  Бұл – алаш баласы үшін аса құнды әрі маңызды  жаңалық. Б.Қарамер

Парақшамызға жазылыңыз

5 Comments

  1. Байларға тым қатал болғаны болмаса, бірталайда қоғамды болжай алған азамат.

  2. Сәкен сері дегенді тек Сәкен Жүнісовке қаратып айтылатын сияқты еді. Сәкен Сейфуллин сері емес, сылқым десе болғандай. Оның серілік құруына уақыты да болмаған. Қазбалап көрмедіңіздер ме, тым болмаса

  3. Al sol bir kezderi xalik asharshilikka ushirap jatkanda seri bolip jurgen kim eken,ia ol kisinin bilimdi bolgani ras birak Alashordaga karsi boldi. kibir derekterde ol kisinin Taiagi altinnan kuilgan desedi. nagiz kamunist bolganin arxiv kujattari daleldeidi.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар