//

Сезіну бұл жылуын Тәңірінің

1978 рет қаралды
5


bostandikКөк тасы еріген күн Самарханның,

Көгеріп көкжиегі Сары Арқамның.

Аты бар, заты дыр-ду той тойлаймыз,

Ауызын ашып қойып Сары апанның.

 

Жайнатып, іліп қойып ескі үндерді,

Ел жайлы естімейді ешкім де енді.

Көже ішіп көлайттаймыз, үкіметім,

Тойла деп күнтізбеден бес күн берді.

Ауыздан Ұлыс десем жыр шашырар,

Аспаннан Алла десем нұр шашырар!

Ұлыстың Ұлы Күні қайда деймін,

Ай бұрын ат сабылтар шыршашылар?!

Тойлаушы ед күні бұрын Наурызды,

Көрсетіп Алматымыз тәуір үлгі.

Клаус көшелерде міз бақпай тұр,

Қайтейін, өзімдікі бауыр ізгі…

 

Аңырап, шашса дағы қоймаң ызғар,

Үкімет бес күн берді, тойлаңыздар!

Ұлы күн, өйткені, Ол –

Сезіну бұл,

жылуын Тәңірінің ой маңыздар!

Тойлаңыздар!

 

Ұлыстың Ұлы Күні Құтты болсын!

Бақытбек Бәмішұлы, 20.03.2013ж

Парақшамызға жазылыңыз

5 Comments

  1. Одан басқа не керек адам баласына, шынында да біз Тәңірдің нұрын сезінеміз. Тауып айтқан сөз екен. Алла разы болсын.

  2. “Аңырап, шашса дағы қоймаң ызғар”… халықтың қаны ашығып барады, иә тойлаймызда

  3. Аш құрсақты Алматы да тойлап жатыр, “өзіміздің бауырлар”

Алматы жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері