//

Қазақ романыны жүз жыл: Спандияр Көбеев. «Қалың мал»(1913)

2699 рет қаралды
Спандияр Көбеев
Спандияр Көбеев — XX ғасырдың бас кезіндегі демократтық-бұқарашыл әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі.

Жазушы 1878 жылы 1 октябрьде бұрынғы Торғай облысы, Обаған болысына қарасты № 3 ауылда (қазіргі Қостанай облысының Меңдіқара ауданы) туған. Болашақ жазушының жастық шағы өз ауылында өтеді. Кейін ол өз аулында ашылған екі жылдық мектепте Қостанай орыс-қазақ мектебінде оқып білім алады. 1898— 1901 жылдары Қостанай қаласында ашылған мұғалімдер дайындайтын курста оқып, бітіреді.
С. Көбеевтің қазақ топырағында тұңғыш романдарының бірі болған «Қалың мал» 1913 жылдың қазан айында басылып шығады. Бұл роман шығармашылық өмірінде ерекше орын алады. Мұнда қазақ ауылының әлеуметтік суреті, қазақ әйелінің тағдыры, оның теңсіздігі және жастар өмірі, ойын-той салттары туралы бейнеленген. Атайдың соңғы жылдары жазған «Орындалған арман» атты мемуарлық еңбегі 1954 жылы өңделіп, екінші рет кітап болып баспадан шығады. Кітаптың негізгі мазмұны педагог-жазушының өткен өмір жолы, қоғамдық қызметі, ортасы мен дәуірі жайында.
Сонымен қатар, жазушы Петропавлскіде оқытушылық қызметін атқарып жүргенде орыс халқының атақты жазушысы И. Крыловтың бірнеше мысалдарын қазақшаға аударып, баспаға ұсынады. Ол аудармалары «Үлгілі тәржіме» деген атпен 1940 жылы және «Үлгілі бала» 1912 жылы кітаптары басылып шығады. Осы кітаптарына енген өлеңдері мен әңгімелері жасөспірімдерді еңбек пен бірлікке, тату-тәтті ынтымаққа шақырған.


“Мінбер”

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі