//

Жөндеу жұмысына жабылған компания жалақы төлеуге міндетті ме?

1033 рет қаралды
3

sredaz_5Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 4 айға күрделі жөндеуге жүргізу үшін жұмыс тоқтап тұрады. Осы ай ішінде сол мекемеде қызмет атқарып жүрген қызметкерлерге жалақы қалай төленеді? Қандай заңдылықтарға, қаулыға, ережелерге сүйеніп есептеуге болады?

Жауап:

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 1-бабына сәйкес экономикалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, өзге де өндiрiстiк немесе табиғи сипаттағы себептер бойынша жұмыстың уақытша тоқтап тұруы бос тұрып қалу болып табылады.

Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыстың бос тұрып қалу уақытына ақы төлеудiң тәртiбi мен талаптары еңбек шартында, ұжымдық шартта айқындалады және қызметкердiң орташа жалақысының елу процентiнен кем емес мөлшерде белгiленедi.

Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай тәртібі «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы  № 1394 қаулысымен (бұдан әрі – Ереже) айқындалады.

 Дайындаған Жанерке.

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. 2010 жылдан бастап мектепте мұғалімдік қызметтемін. Еңбек демалысынан кейін 2 ай толық жұмыс істеп, декреттік демалысқа шықтым. енді маған кезекті еңбек демалысы және сауықтыру ақшасы төлене ме? Еңбек демалысымның күні толық 56 күнтізбелік күн бола ма?

  2. сәлеметсіздер ме! менің айтайын дегенім, сіңілім күйеуге шығып екі қабат болып қалды. енді күйеуі екеуі дұрыс тұрмай, қызды үйден қуып шықты. некеге тұрмаған. біз оны сотқа бере аламыз ба? берсек не утамыз?

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар