///

Берсең бер, бермесең қой, азаматтық

999 рет қаралды
4

 

Берсең бер, бермесең қой, азаматтық

 

“Құйылсын көшiң,      Жиылсын есiң”,-    Н.Назарбаев

 

– Ассалаумағалайкум, Ар ма деп,

Ағайын, қандас бар ма? – деп

pasportАйтылғанда Ақ тiлек,

Сарғайған жүрек сатырлап,

Шығыстан өрттей лаулап ек…

Бiр пойызға сыйыспай,

Жүз пойызды жаулап ек!..

Ошақ қалды бұрқырап,

Үйір қалды шұрқырап,

Айтырып қойған арда төс

Ару қалды шырқырап!

Атажұртқа садаға,

Сен де қалыдң Туған жер,

Сай сүйегің сырқырап!

Атажұртым, Ар ма?– деп

Ағайын-қандас, бар ма?– деп

…Кiре елдiң шетiне топырағына аунап ек!

Я, Құдай, тәубе деп!

Осылай әндетiп атажұртқа ағылып келгенбiз. Сол бiр 1991- қой жылының қоңыр көктемiн ендi еске аламыз. Сол бір аз уақыт ішінде Моңғолиядан 62,5 мың адам қоныс аударған еді. Олардың азаматтық ерік-қақылары әр түрлі қаулы-қарарлармен реттеліп, жөнін тауып жататын-ды. Ал Қазақстанның толық азаматы болу мәселесі тым ұзақ мерзімге созылған. Төлқұжат  беретiн орындардағы қызметкерлердiң  қытымырлығы сондай, өздерi ынта-жiгер танытпақ түгiлi, өтiнiш жазып, талап бiлдiрушiлерге пәлен түрлi сылтау, себептi судай сапрып, пәлен түрлі салдарды көлденең тартып кегжиiп, кергіп кеудеңнен итеріп, көзіңнен жасты ағызып шығарып жіберетін. Сондай бір тауың шағылған сәтте ерiксiз Рақымжанның Қасымынша күңiрендiм-ау! Сондағы сөзiм:

Берсең бер, бермесең қой, азаматтық!

Алтайдан Атажұртқа аман астық,

Ағайын қандаспенен амандастық.

Жетi жыл аз ба, көп пе, јөткен екен,

Iшек, қарынымызбен араластық.

Ешкiмi ел мен жердiң жатсынбады,

Қарақшы қойып артқа сақсынбады.

Бiр туыс шапан жауып иығыма,

Ағайын атын бердi астындағы.

Күдiгi әлдекiмнiң сейiлмедi,

Құндылық пұл ма,әлде пейiл ме едi?!

Сыпырып Моңғол бiздi жiберсе де,

“Беремiз азаматтық кейiн”–дедi.

Шарықтау төзiмнiң де шегi барды.

Тағы жұрт шердiң жасын төгiп алды.

Бiлмедiк, түсiнбедiк алатынын,

Жалғасқан қай атадан кегi барды?!

Берсең бер, бермесең қой азаматтық,

Шүкiрлiк, Атажұртқа аман астық!

«Әке үшін Көк паспорт ала сал» деп,

Кетемiн ұрпағыма аманат қып!

Менiң бұл өлеңiмдi тыңдаған бір досым:

– Пай, батыреке-ай, күйзелiп кеттiң ғой. Азаматтық алмасаң да сен нағыз қазақсың! – деп еді. Сол айтқандай нағыз Қазақпыз-ау, Қазақпыз! Алайда сол қазақтық мына заманда Көк паспортқа жете алмай көгенделіп тұрған жоқ па!

Өлеңімді, Тәңір тілеуіңді бергір, «Қазақ Елi» (13-19. 11. 1998. №46) газеті жариялап жіберді. Сәйкестік пе, білмеймін, менің қолыма Қазақстан Республикасының азаматы, ұлты қазақ деп жазылған Төлқұжат– Көк паспорт тиді.

Сонда мен:

Аңсағаным – Азат күн,

Айығар бастан азап, мұң.

Өзгенiкi емес,

Мен ендi –

Қазағымын Қазақтың! – деп жырладым.

…Елбасымыз етжүрегiмiздi елжiретіп “Құйылсың көшiң” дейдi. Ал Республика Үкiметi еңбек мигранттарына байланысты заң  әзiрлеп, оған шет елдерден келетін қандастарға бес жылсыз азаматтық бермейік деген бап енгізіп, оны біздің бүгінгі мәжілісмендер қабылдап, сенатшылар ары-бері итеріп әуре сарсаңға түседі. Сонда қалай, Елбасының осы бір тарихи Ұлы Сөзі – “Құйылсың көшiң” солардың құлақтарына жетпеген бе?!

Бақытбек Бәмішұлы

                                               

 

Парақшамызға жазылыңыз

4 Comments

  1. Өзіміз күн көре алмай көзіміз көгеріп кімкөрінгенге жем болып жүргенде
    шет елдерден қазақ жинап қайтеміз. Жайлы жұрттың жылы орнын суытпайық.

  2. Құрметтi Нұрсұлтан Әбiш­ұлы!
    Мемлекеттiң күш-қуаты қабырғалы халқының көп­тiгiмен бағаланатыны әуелден белгiлi. Ақ найзаның ұшымен, алмас қылыш жүзi­мен, ақ бiлектiң күшiмен қорғаған ұлы бабаларымыздың жолын жалғастыратын да, жерiн де, мемлекетiн де, оның басшыларын да қорғайтын, жауға қарсы аттанып, кеудесiн оққа тосатын да осы туған халқымыз.
    Сондықтан Қазақ жерi мен мемлекетiнiң заңды егесi ретiнде, өзiмiздiң конститутциялық құқымызды, яғни мемлекет басқару тетiгiн жалпы халықтық сайлау мәртебесiмен Сiзге сенiп жүктегенiмiздi есiңiз­ге сала отырып, алдымызда келе жатқан жаһандану кезеңiнде Елiмiздiң геосаяси, этнодемографиялық мүмкiндiгiн сақтап, стратегиялық дамуының негiзгi кепiлi болып табылатын ұлттық мүдденi қорғап қалу үшiн, Президент мырза, “Ұлы көштi” тоқтатуға қарсы бағытталған заңға вето қоюыңызды талап етемiз!

    “Алаш рухы” Қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы Н.Шын­баев, “Ақиқат-1” қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы I.Байжанов, ЖСДП ОҚОФ төрағасы Н.Қожаханов, “Ұлт Тағдыры” ОҚО филиалының төрағасы А.Күмiсбек, “Арал-Эко” қоғамдық қорының төрағасы Қ.Махан, Демократия институттарын дамыту орталығының директоры Ж.Сейтiмбет, Жемқорлыққа қарсы халықтық комитетi қоғамдық қорының ОҚО бойынша өкiлi Ж.Әбiшев, “Қадiрмендi қарттар” қоғамдық ұйымының төрағасы Ш.Пiрмат, Оралмандарды “Бейiмдеу” орталығының директоры Ә.Ибрахим, Халықаралық “Ердәуiт” зекет қорының төрағасы Б.Артықғали, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесi, журналист, ақын Н.Сұлтанбайұлы, қоғам қайраткерi Ж.Өтеген, қоғам қайраткерi, ақын Ә.Шонжан, қоғам қайраткерi, журналист С.Бай­босын, заңгер Л.Тiлеулес, заңгер М.Омарұлы.

    Оңтүстiк Қазақстан облысы.”Жасалаштан”

  3. депутаттар дүлей емес, Елбасшысының Ұлы сөзі жетуін жетті ғой, бірақ сол жеткен сөзді ұғатын құлық болмай тұрған жоқ па!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі