//

Камерамды кім қайтарады?

941 рет қаралды
3

Жанар, Атыраудан

PJ10E_2Сәлеметсіз бе, мен әпкем журналист болып қызмет атқарады, жұмыс бабымен ауданда болып жатқан іс-шараны түсіру мақсатымен барған кезінде, бір азамат камерама жармасып, неге түсіресің деп жерге тастап жіберіпті, әпкемнің құқығын қорғау мақсатында сотқа арыз жазайық деп едім құлақ аспады және уақыты жоқ екенін айтты. Сенімхат арқылы оның атынан сотқа шағымдана аламын ба, сенімхатты нотариусқа барсам жазып бере ме?

Жауабы:  Сенімхатты нотариустан аласыз, бірақ әпкеңіз де жеке куәлігін алып сізбен бірге нотариусқа баруы тиіс

ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 352-бабына сәйкес журналистiң заңды кәсiби қызметiне кедергi жасаған адамдар үшін жауапкершілік көзделген. Журналистiң заңды кәсiби қызметiн орындауына кедергi келтiретiн не оны бұл мүмкiндiктен толық айыратын жағдайлар туғызу, – айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Журналист сұратқан ақпаратты беруден негiзсiз бас тарту не заңдарда белгiленген мерзiмде табыс етпеу, – лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Бір айлық есептік көрсеткіштің 2013 жылғы көлемі – 1731 теңгеге тең.

Дайындаған Жанерке.

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Рахмет, Жанерке! Менің бір сауалым бар! Бір шетелдік ұйымнан грант жеңіп алған едім. Онда кіріс салығын өзім төлеймін деп көрсетілген. Алайда, оны төлеудің жолдарын білмейді екем. Көмектесесіз бе?

  2. саламатсыз ба, Жанерке, біз 2008 жылы үй алғанбыз, содан бері міне үйдің дұрыс жылуы жоқ,бізді қарайтын трансэнерго жүйесіне хабарласып, қанша шағым айттық, дегенмен олар қараймыз, деди де одан бері ештене де жасаған жоқ менің сізге сауалым енді біз кімге арыз немесе бір өтініш жазуымызға болады? егер үйдің жылуын дұрыстай алмаса осы уақытқа дейінгі төлеген ақшамызды ала аламыз ба?

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі