////

Жемқорларға… әлемде 140-орындамыз

834 рет қаралды
5

Халықаралық Transparency International рейтингсі бойынша жемқорлығықғы жағынан  Қазақстан әлем елдері ішінде 140 орынға тұрақтаған (http://www.kursiv.kz).

Ұлық сөзге тоқталмай, сұйық сөзді толғадың,

Боз арғымақ болдырып, борға айналды болжамың.

Жақсы ырым ба, жарбитып ғұмыры ұзақ қорғанын

Тірі адамды тік шаншып тастан қашап қойғаның.

Жылқыда мін, қойда мұң көп болсада тойладың.

Күйіп жатыр киіктер, киіктен көп сойларың.

Арманды аза арбаған ала шұбар ой қалың.

Ала тілің көсіліп, ана тілің жойғаның.

 

Терісінен түйенің кесіп алған оймағын,

Тесіп алған қатындар қояр емес ойбайын.

Жұта бермей жайындай жұртың қамын ойлағын.

Запыранын ас қылып, боздағы мен бойдағын,

Шайнап ұртын жоқтайды: «ой-ой, жаным-ой жаным».

Май жесең де тоймадың, тай жесең де тоймадың,

Жұтсаң-дағы түгімен ана жерін қойманың.

Құрдым, құдық жемсауың алтын-күміс жойдағын

Тауды бұзып тонналап, құйып жатса толмадың.

Қара қосың қалжырап, күннен күнге зорладың,

Қайдағы бір қаңсықты жарылқауды қоймадың.

Ойладым ба, ойбай-ай, Қазаныңның солғанын.

Қара таудың емшегі – қара тұяқтан хал кетіп, қартайғанша сорғаның.

Қара табан халықтың маңдайында сор қалың.

Маймылдардан сескеніп, маңайыңды морладың,

Төңірегіңе тас керіп, төсегіңді торладың.

Ақ сарбасын айттырған, адамзаттың қормалын,

Арман тауды асырып, ажырғылап қорладың.

Ақсөңкеге айналды қалың біткен орманың.

Ат мінсең де тайпалтып, тақ мінсеңде жайқалтып,

Араныңды аңқитып, астан көзді алмадың.

Білдіреді бір күні бұ дүние жалғанын…

Адам көзі тек қана топыраққа тояд дейд,

Сонда ғана жемқорлар жегендерін қояд дейд?!

Қарамер

Парақшамызға жазылыңыз

5 Comments

  1. Осының бәрін көріп-біліп отырып, үндемей отырған қазақтың өзі де жемқор, ымырашыл деуге болады.

  2. Шыңғыс сен, халыққа тиіспе, қызыл қол, қызыл сирақ, қарулы билікке не істей алады, ойлап сөйлесеңші! Құдай ана жемқорларға зауал берсін де оданда!

  3. Қарамер деген певдоним ба, шын атыңыз кім, неге жасырын атпен жазып отырсыз. Бәрі дұшрыс қой, шындық, біз 140 тұрмақ одан да төмен болуымыз әбден мүмкін.Рахмет.

  4. Жемқорлыққа қарсы күрес бойынша 140 орында. Яғни жемқорлыққа қарсы күрес жоқ.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері