///

Серік Әбілұлы “Әжемнің иісі” атты кеш өткізбек

1209 рет қаралды
3

Q25A5494Серік Әбілұлы Қытай халық республикасының Шыңжаң өңіріндегі Алтай аймағы Үліңгір көлі бойында, Жетіарал деген жерде  дүние есігін ашқан. Шыңжаң Университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» факультетін, Шыңжаң партия мектебінің экономикалық басқару факультетін бітірген. «Дариға-ай», «Шолпан», «Самал» публицистикалық, «Күміс жебе», «Қобыз сарыны», «Аққу арман» жыр жинақтары, «Күн» атты балаларға арналған шалқыма, балладалар жинағының авторы. Жиырмадан астам әннің, алпыстан астам ән мәтінінің авторы.  Ақпанның 3-інде Алматыдағы Қазақ концерт залында Серік Әбілұлының «Әжемнің иісі» атты шығармашылық кеші өтпек.

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Серік өте бір дарынды азамат. Осындай сан қырлы қандастарымызды жеке шақырумен отанға алдырса, егер олар, келемін десе, құба-құп болар еді.Бұндай азаматтың елге береі мол.

  2. Бір кеште Серік Әбіл Т.Момбековтің “Сағыныш” күйін тарта отырып қаңыр даусымен өлеңдетеді. Күй мен өлең қосылғанда жан-жүрегігің езіліп кете жаздайды. күй мен өлең аяқталғанда ауыр мың басқан салмақтан бір уақытқа дейін серги алмай мүлгіген тыныштық орнайды. Сонда Серік домбырасын қағып-қағып қалып “Әжемнің иісі” деген өлеңін оқи жөнеледі. Енді көкейді тағы да бір сағыныш керейді. Бірақ бұл алдынғы сағыныш-Салтанаттан өзгешелеу әсерлі әлемді үйіріп әкеліп өзегіңді қарып түседі. көз алдыңа өткен шақтың бүкіл суреті, сурет болғанда ең бір әйдік көрністер кілкіп өтеді. Өлең оқылып біткенде мен: “Қарғостан қақпа ашылса інімнің иісі келеді” деп қалғаным. Отырғандай “ой, мынау өлең ғой, жалғап жіберіңіз” десті. Мен ертеңінде “Інімнің иісі” деген мына өлеңді жаздым.
    Бақытбек Бәмішұлы

    Інімнің иісі

    (Серік Әбілұлына)

    Баркөл, Азау арасы бүтін жатқан ел еді,
    Жібектің жолын жалғаған жеңгелердің желегі.
    Қарғостан қақпа ашылса жайылып төсім жайлаудай,
    Идіріп таңның сәулесін Інімнің иісі келеді.

    Ар жағынан Алтайдың кісінесең шұрқырап,
    Алатаудың төрінде, сай сүйегім сырқырап.
    Қымызындай күздіктің Ертістің суы еңкілдеп,
    Зайсанға құйып жатады сағыныш иісі бұрқырып.

    Көк төбеден көз тіксем Өліңгір көлі көрінер.
    Көз алдымда жөнкиді көк шулан көкжал, бөрілер.
    Көк орамал шетіне кестелеп атын ұсынған,
    Мөлтілдеген сол жанар өлең болып өрілер.

    Жалтылдаған дүние бірде шолақ, бірде кем,
    Бірге туып қиын-ай, бір мекенде жүрмеген.
    Сенің даусың жеткенде жер өмірден күлдірлеп,
    Менің бауыр етімде сағынышым бүрлеген.

    Ата салты, ақ тілек жойылған жоқ бар ғұрып,
    Құдай өзі жаратқан қазағымды нар қылып.
    Азаматың болсам деп алып ұшқан жүрегін,
    Төрт жыл қоймас төреміз Сендей ұлды зар қылып.

    Бауырыма байладым сағыныштың ауырын,
    Маған сәлем айтты ма, анжақтағы ауылым?
    Келші бері, Серікжан, құшағыма қысайын,
    Әкем иісі келеді сені иіскесем, бауырым!

    Әкем иісі келеді сені иіскесем, бауырым!

    21.01.2014 ж, Алматы қаласы

    .

Ахметтен жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

“Ақ кеме” – Ғ.Мүсірепов театрында

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры 17 желтоқсанда Шыңғыс Айтматов шығармасының желісімен қойылған

Дос Көшім, саясаттанушы: Президенттің басым дауыспен жеңіске жетуі – авторитарлық жүйенің қалыптасқан қағидасы. Өйткені Президент өзгелерден оқ бойы озық болуы керек

Қазақстанда 2022 жылдың 20 қарашасына кезектен тыс сайлау өтті. 81 пайызбен атқарушы Президент Қ.К. Тоқаев басым