//

Ұялсын деп қызға береді…

1102 рет қаралды
2

Кешеден бері «Шығыс Қазақстан обылысында кәмілетке жасы толмаған бір бойжеткен оң жақта отырып аяғы ауыр болыпты. Онысын жасырып жүріп, ай-күні толғанда үйінде босанып қалыпты» дегенді қазақ баспасөзі жерден жеті қоян тапқандай жарыса жазып жатыр. Бұл басқаға сабақ болсын деген ниет те шығар.  Қалай болғанда да соғұрлым жарламалайтын жағымды, жақсы жаңалық емес. Қазір бойына бала бітті алдырып тастайтын, әр түрлі жолмен түсік тастайтын оңбаған «қылмыскерлер» шаш етектен. Ал мына бейбақ баласын өмірге әкелуге құлшынған екен.  Айыбы:  кәмілет жасына толмағандығы мен дәргерге қаралмағандығында болып отыр. Енді соны кіналап жатырмыз. «Қылмыскер» күйеуін жазаламақпыз. Сонда бұл дұрыс па, бұрыс па?

«Ұялсын деп қызға береді». Бұл қазақтың мәтелі. Оң жақта отырып, яғни өзінің туған үйінде отырып, ұзатылмаған, тұрмыс құрмаған бойжеткеннің аяғы ауыр болған жағдайда осы сөз тіркесін қолданып жатады.

Оң жақта отырып жүкті болу қазақ үшін сол бойжеткеннің отбасы тұрмақ ауыл-аймағын жерге қарататын, бетке жағылған күйе, етке басылған таңба болып есептелетін, аса ұятты қылмысқа бергісіз іс болып саналады. Бұндай жағдайда көбінде ауылдың не қаланың туа бітті тәрлім-тәрбиесі осал, көргені аз, ақылын албырттыққа жеңдірген арсыз, шыбжықай, тұштақай, жеңілтек қыздары ұшырасып жататыны белгілі…

Ондайды қазақ «көргенсіз» деп атайды. Осыдан келіп «қызға қырық жерден тиым» деген заңға бергісіз мәтел де шыққан. Қызының бұл ағаттығы айналып келіп анасың басына тиіп жатады. «Әй, көргенсіз-ай, ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер,– деген о албастының шешесі де небір оңған, жетіскен адам» дейсің деп сыртынан сыбап,  “шешесін көріп қызын ал деген ондай кәпірге жолама” деп ұлдарын ескертіп қояды.  Сөйте отырып, «есік көргенді алма, бесік көргенді ал» жуып-шаятыны тағы бар.

Қазіргі заманда қызына қырық жерден тиым салмақ түгіл, қызының қайда жүргенінің өзін білудің өзі мұң болды. Сондықтан бар салмақ бойжеткендердің өзінің ақыл мен арына түседі.

Ал заң бұ тарапта осы жағдай  шын мәнінде жеңілтектік кесірінен ұялсын деп қызға берілді ме, әлде бұл, екі жастың шынайы құштарлығының нәтижесінде, өмірге ұрпақ әкелейін деген адал ниеттен туындады ма, я болмаса зорлық-зомбылықтың зарары ма деген жағына, демек, мәселенің себеп-салдарына бойлауы бәрінен абзал көрінеді.

Бұл жағдайда жоғарыда айтқанымыздай, бойжеткенде дүние ұрпақ әкелсем деген аңсар болған сияқты, әйтпегенде… Сіз қалай ойлайсыз?

Қарамер   

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. “Мал құлағы саңырау” деп жасырып жауып қоятын еді. Жаман істі бұрынғылар… Сосын жамандық күш алып кетпеу үшін атын айтпай тергеп жататын. Қасқырды итқұс, жыланды түйме деп… Қазір жамандықтың беті ашылып кеткен заман болып тұр!.. Кім болсада аман болсын! Ол енді ана ғой…

  2. Қыздан несін көресіңдер? Қойнына барып, шалжия кетпеген шығар. бар пәле әлімжеттілік жасайтын еркектерде. Осыны қаша ұғамыз?

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі