//

Әке атана ала ма?

1508 рет қаралды

275419_140Жанар: Салеметсіздер ме, менің сауалым бар еді,өзім тұрмысқа шыққанмын, жасым 18-ге толмағасын заңды некеге отырмадық. 18-ге толған күні күйеуіммен болған арадағы түсініспеушілікке байланысты ата-анамның үйіне кетіп қалдым, жүктілігіме 7 ай болды, сіздерден сұрайын дегенім күйеуім баланың әкесі екенін мойындап отыр, заңды некеге отырмай-ақ баланы өз атына жаздыра ала ма?

Жауабы:  ҚР-ның Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 206 бабы негізінде некеге тұрмаған ата-аналарының әке болуды анықтау туралы бірлескен өтініші баланың туған жері бойынша немесе олардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша тіркеу органға, яғни жергілікті әділет басқармасының АХАТ бөліміне беріледі. Әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеуге өтініш, баланың тууын тіркеу жөніндегі өтінішпен қатар беруге немесе кейін беруге болады. Егер әке болуды анықтау мен тууды тіркеу өтініштері қатар берілсе, әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу бір мезгілде жүргізіледі. Сондай-ақ баланың таңдап алынған тегі әке болуды анықтау туралы өтініште көрсетілуі тиіс.

Дайындаған Жанерке

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі