//

Мерекелеріңіз құтты болсын, журналистер!

1238 рет қаралды
1

anakarБарша журналисттер қауымын алдағы кәсіби мерекесі – журналистер күнімен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық тілеймін! Кешеден бері сіздердің аттарыңызға ақпарат құралдары арқылы сан мыңдаған құттықтаулар жолданып, жақсы да жылы тілектер өмірдің түрлі салаларында қызмет ететін әрі етпейтін әр түрлі деңгейде тіршілік етіп жатқан халық бұқарадан айтылып жатыр.   Бұның  өзі журналист қауымының қоғамның толық назырындағы халыққа ең жақын жұрт екенін айғақтаса керек. Осындай ізгі тілектермен қатар сіздердің (журналистер) өз тараптарыңыздан да осы кәсіби мерекеге кезеңінде өздеріңіздің де алға қойған ой-армандарыңыз, мақсат-мүдделеріңіз, орындаған істеріңіз, тындырған шаруаларыңыз, сол іс-әрекеттеріңізді жоғары билікпен төменгі бұқара тарапынан қалай бағаланып жатқаны туралы ішкі наз, көңіл күйлеріңіз, тебіреніс-толқыныстарыңыз да жарқ етіп көрініп қалып жатыр. Байқаймын көбіңіздің көңіліңізде күйректік емес, күйзеліс басым екен. Күйзеліс көбінде бір нәрседен мезі болғанда, жалығып-жабыққанда, тоқырауға тап болғанда туындап жатады ғой. Оның себеп-салдарын да өздеріңіз анық-қанық айтып, ескертіп отырсыздар. Нағыз журналист шындықты ғана айта алады. Әр саланың өз шындығы бар. Асырып жазуға һәм жасырып жазуға да болады. Жалпылдақ жазғыштар жалықпайды.

…Баяғыда біздің бабаларымыз жайлауға шыққаннан кейін де жаздың бір-екі айының ішінде жұрт жаңалап, «мал да жан да сергіп қалады» деп көшіп-қонып жататын…

Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын, журналистер. Аман жүріңіздер! Ақбасты апаларың ақ батасы тисін! Аман жүрген адам алтын аяқтан су ішеді!

Мінбер-ақпарат. Бурылалтай

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі