///

Батыр Баянға ескерткіш орнатылды

1679 рет қаралды
4

bayan batirКерекуде қазақ рухы асқақтады! Бүгін Мағжан ақын жырлаған батыр Баянға қаланың қақ ортасында ескерткіш орнатылып, салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті.

Бұл тәуелсіздік алған 23 жыл ішінде облыс орталығында қазақ батырына орнатылған ең алғашқы ескерткіш екен.

Бұдан былай айбатты Баян батыр Ресейден кіретін үлкен жолдың бойында (Сәтбаев көшесі) теріс пиғылды көршілерге сес көрсетіп тұрмақ.

Қашанда мұндай символикалық нысандар ең әсерлі идеологиялық құрал болған.

Күллі қазақты, киелі Кереку өңірінің қазақтарын осы бір тарихи күнмен шын жүректен құттықтаймын!

Аманжол Әлтай ағам арнау айтты:

Тойыңа қара Ертістей шалқып келем,
Қырағы қыран құстай қалқып келем!
Өзгелер көп мақтайтын Кутузовтан,
Баяндай батыр бабамды артық көрем! – дегенде жиналған жұрт шу ете қалды!

Оның себебі, Керекуде Кутузов атында үлкен көше бар. Жергілікті біраз шенеунік қипақтап қалғанын да байқап қалдық. Енді ондай-ондай бола береді ғой дедік.

Рухымыз өр болсын қашанда! Жасасын, Алаш!

Ақберен

Парақшамызға жазылыңыз

4 Comments

  1. Шынын кім айтады? Жәнібек батырдың тойында Қабдеш Жүмәділов деген жазушы біреу Бабамыз Қаз Дауысты Қазбек биді орысқа сатылған депті деген әңгіме естідім. Рас па? Бұл не мешел?

  2. …депті деп жүргеннің өзі к…ті жеп жүрген біру шығар, жалпы қазіргі заманда құлаққа сенуге болмайды-ау

  3. Қабдештің сондай иттік айтқаны рас сияқты. Семейде естідім. Қала әкімі тойды басқарған екен сол кісі тоқтатыпты әйтпесе Қабдеш мыжып кетіпті.

  4. осы жұрты Қабдештің аузын неге аңдып жүреді түсінбеймін, Америкалық ауған жазушысы Халид Хуссейін өзінің ауған ұлтында бірді екі деп айтатын бір кемшіліктің барын айтып күйетін еді. Ойласақ, сондай мін бізденде табылатындай, Қабдеш айтса бүгілді деп айтып, оны біреу жығылды деп естіген ғой шамасы…

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі