//

Зейнеткерлік аннуитет шартын бұзып, ақшаны қайтарып алуға бола ма?

728 рет қаралды

e69f7b97c1a5661238eac671af58081bЖанар: Мен кезінде аннуитеттік зейнетке шыққан едім. Алайда оларда сақтандыру төлемдері үшін өтемақы қарастырылмаған екен. Яғни экономикалық жағдай ушығып, ұлттық валюта құнсызданып кетсе, бұл зейнетақы қайта есептелмейтін көрінеді. Мен енді зейнеткерлік аннуитет шартын бұзып, ақшамды кері қайтарып ала аламын ба? 

Жауабы: 55 немесе тіпті 45 жастан бастап зейнеткер атануға болады. Ол үшін зейнетақы аннуитеті келісімшартын бекіту керек. Мұнымен өмірді сақтандыруға құқығы бар сақтандыру компаниялары айналысады. Бұл жүйе қалай жұмыс істейді дегенге тоқтала кетсек. Зейнетақы аннуитетін 55 жасқа толған еркектер 2 миллион 323 мың 461 теңгеге сатып алады. Ал 50 жастағы әйелдер үшін 2 миллион 841 мың 009 теңге. Бұл – аннуитеттің минималды ақысы. Қазақстандағы зейнетақының минималды көлемі бойынша есептеліп отыр. Бұл соманы сіз қалтаңыздан шығармайсыз, өзіңіздің міндетті зейнетақы қорыңыздан сақтандыру компаниясына аударасыз. Осылайша, сіз өміріңіздің соңына дейін Қазақстандағы зейнетақының минималды көлемі бойынша, яғни 16 мың 47 теңгеден компаниядан ақша алып тұрасыз. Ескере кететін жағдай, зейнетақы аннуитетінің құны зейнетақының минималды көлеміне байланысты өзгеріп тұрады. Есептей келгенде, 55 жастан бастап аннуитет сатып алған еркек 73-ке келгенде компаниядан барлығы 3 миллион 466 мың 152 теңге ақша алады. Есесіне, ол еркек 1 миллион 142 мың 691 теңге пайда көреді. Ал 50 жастан бастап аннуитет сатып алған әйелдер 80-ге келгенше еркектерден екі еседен астам сомада олжа табады екен. Бұл жерде компания 73 пен 80 жасты еліміздің мақсат еткен ғұмыр жастың орташа көрсеткішінен алып отыр.
Мұның бір кемшілігі – қайтыс болған соң, қалған қаржы кепілдік берілмеген жағдайда мұрагерлерге берілмейді. Зейнетақы қоры, керісінше, зейнетақыны жинақ таусылғанша төлейді, дәм-тұзы түгесілген пендеден қалған жинақ мұра ретінде балаларына беріледі. Сондықтан ол кісінің зейнетақы қорында қалғаны тиімді деп есептеймін. Өйткені салымшылар жылына екі рет қорды ауыстыруға құқылы, ал сақтандыру компаниясымен келісім шартқа отырған азамат екі жыл бойы өзге компанияға ауыса алмайды. Екі жылдан кейін ауысқанның өзінде сақтандырушы компания сақтандыру сыйақы соммасының 3 пайызын және жасалған төлем сомасын іс жүргізуге алып қалады. Осылайша ақша зейнеткерлік аннуитет шартын жасасқан сақтандыру компаниясынан зейнетақы қорына аударылатын болады.

Дайындаған Жанерке

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі