Қырғыз Президенті Алмазбек Атамбаев елдегі тарихшы ғалымдармен өткен кездесуінде Ресей Президенті Путинмен болған әңгіме жөнін айта келіп, “Мен Путинге географияда, оның ішінде орыс жерінде жер-су атуларының дені түркі тілінен шыққанын айттым. Мысалы, Байкал – “бай көл” деген сөзден шыққанын, Саратов – Сары тау деген мағынаны білдіретінін айтып бердім. Ол күлді де: “Жарайды, сөздің төркіні сіздерден шыққан екен, бірақ ол жерлерді қайтаруды өтінбеңіздер, деді”,- деген.
Атамбаев айтыпты…

Соңғы жазбалар
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті лотерея және лотерея қызметі туралы
дереккөз: Egemen Qazaqstan Шымкент қаласында Қаржы мониторинг агенттігінің департаменті «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының
Шымкент қаласы Қаратау ауданындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің екі оқушысы тұрмыстық қалдықты автоматты түрде сұрыптайтын құрылғы ойлап
дереккөз:gov.kz Қазақстанда өзге елде тұратын этникалық қазақтардың құқықтарын кеңейту жоспарланып жатыр. Премьер-министр Олжас Бектеновтың айтуынша, осы
Құрметті «Мінбердің» оқырмандары сіздер үшін біздің жақсы жаңалығымыз бар. «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы Kсell және Ericsson
Қазақстанда ескі киімнің басым бөлігі қайта өңдеуге жетпей, тікелей полигонға кетеді. Себебі елде текстиль қалдығы дербес
Алматыда «Меломан Гранд» дүкенінде қазақ киносының отарлық мұрасын талдауға арналған «Qalam» мультимедиялық жобасының сессиясы өтті. Кештің
Оралдағы қоқыс полигонының қызмет ету мерзімі биыл аяқталады, бірақ жаңа нысан салу мәселесі шешілмеген. 50 жыл
27 қазанда Алматы қаласы әкімдігі алдына Бостандық ауданының ондаған тұрғыны жиналды. Олар әлі ашылмаған № 224
“Мінбер” сайты мен OY-DETOX ресурсы жасаған өзара меморандум аясында кезекті материалымызды назарларыңызға ұсынып отырмыз. Бұл эпизодта
“Орынбор” атты өлеңімді осы жерге орналастырып қойсам орынды екен:
Біз мықтан, сақтан, ғұннан басталамыз,
Киіз үй, киелі ошақ баспанамыз.
Талайды тәнті еткен салтанаты,
Болыпты небір сарай, тас қаламыз.
Отырар ол бір ғажап жатқан аңыз.
Іздері жарқырайды басқан абыз.
Барында оралыңның орап өтіп,
Айтуға ақиқатты жасқанамыз.
Күн сайын сұлу сөзге мас боламыз.
Баласын, барын сатқан масқарамыз.
Алтын күн астындағы, алтын басқан
Көзінде көбеңдердің жас қараңыз.
Өседі кімге қарап жас баламыз,
Өзгенің ілімімен басқарамыз.
Қой жүнін қораш көріп, ал біреудің
Бөстегін жидіп кеткен жастанамыз.
Халал мен харам болды асханамыз,
Оймақтай орын тимей баспанамыз.
Орысқа ордамыздан ойып берген
Орынбор ол да біздің астанамыз.
Осыны білмей ме екен түн жүрегі.
Бір иттер терістіктен күнде үреді,
Сарытау, Баран ауыл, Түмен, Омбы
Алаштың ата жұрты кім біледі?
Қозғама, Алаш еспен аштаразбыз.
Бәжектеп батыс десе бас саламыз.
Әр елдің қорымынан құрастырған,
Әдемі Астана ғой бас қаламыз.
Адамдық Астанамыз ақ, қарамыз,
Іштегі шерді соған ақтарамыз…
Алайда, бәрін қойып
Орынборға
Апарар аламанда ат қараңыз!
28.05.2014ж
Осы Атамбаев алаштың тарихын алаштан артық біледі екен. Қазақ Елі Алтын Орда мемлекетінің мұрагері екенін айтып салды.