Қырғыз Президенті Алмазбек Атамбаев елдегі тарихшы ғалымдармен өткен кездесуінде Ресей Президенті Путинмен болған әңгіме жөнін айта келіп, “Мен Путинге географияда, оның ішінде орыс жерінде жер-су атуларының дені түркі тілінен шыққанын айттым. Мысалы, Байкал – “бай көл” деген сөзден шыққанын, Саратов – Сары тау деген мағынаны білдіретінін айтып бердім. Ол күлді де: “Жарайды, сөздің төркіні сіздерден шыққан екен, бірақ ол жерлерді қайтаруды өтінбеңіздер, деді”,- деген.
Атамбаев айтыпты…

Соңғы жазбалар
Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген сұқбаты формасы жағынан жыл қорытындысына ұқсаса да, мазмұны тұрғысынан биліктің алдағы
Фото: fingramota.kz Егер банк картасы мысалы, дүкеннен сатып алу кезінде немесе ақша аудару қажет болғанда кенеттен
Фото: sports24.kz Өткен аптада ел журналистері мен әлеуметтік желідегі белсенділер Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстанның
Фото: t.me/almaty_akimat ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Ерболат Досаевтың 2024 жылғы табыс декларациясы жарияланды. Ресми мәліметке
Фото: t.me/olympickz Италияның Милан және Кортина д’Ампеццода өтетін 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының басталуына тура бір
Фото: iStock Жаңа жыл қазақстандықтар үшін жаңа өзгерістерден басталды. Тек салыққа қатысты емес барлық дерлик
Фото: gov.kz Елімізде кейбір шай атауларына қатысты уақытша санитариялық шаралар енгізілді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау
Фото: olympic.kz 2026 жыл қазақ спорты үшін аса мазмұнды әрі маңызды оқиғаларға толы болмақ. Отандық спортшыларды
Фото: kaz.zakon.kz Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарының басталуына санаулы күн қалды. Дүбірлі додаға 37 күн бар.
Фото: drive.google.com Рапид және блиц шахматтан Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан әлем чемпионатында Бибісара Асаубаева топ
“Орынбор” атты өлеңімді осы жерге орналастырып қойсам орынды екен:
Біз мықтан, сақтан, ғұннан басталамыз,
Киіз үй, киелі ошақ баспанамыз.
Талайды тәнті еткен салтанаты,
Болыпты небір сарай, тас қаламыз.
Отырар ол бір ғажап жатқан аңыз.
Іздері жарқырайды басқан абыз.
Барында оралыңның орап өтіп,
Айтуға ақиқатты жасқанамыз.
Күн сайын сұлу сөзге мас боламыз.
Баласын, барын сатқан масқарамыз.
Алтын күн астындағы, алтын басқан
Көзінде көбеңдердің жас қараңыз.
Өседі кімге қарап жас баламыз,
Өзгенің ілімімен басқарамыз.
Қой жүнін қораш көріп, ал біреудің
Бөстегін жидіп кеткен жастанамыз.
Халал мен харам болды асханамыз,
Оймақтай орын тимей баспанамыз.
Орысқа ордамыздан ойып берген
Орынбор ол да біздің астанамыз.
Осыны білмей ме екен түн жүрегі.
Бір иттер терістіктен күнде үреді,
Сарытау, Баран ауыл, Түмен, Омбы
Алаштың ата жұрты кім біледі?
Қозғама, Алаш еспен аштаразбыз.
Бәжектеп батыс десе бас саламыз.
Әр елдің қорымынан құрастырған,
Әдемі Астана ғой бас қаламыз.
Адамдық Астанамыз ақ, қарамыз,
Іштегі шерді соған ақтарамыз…
Алайда, бәрін қойып
Орынборға
Апарар аламанда ат қараңыз!
28.05.2014ж
Осы Атамбаев алаштың тарихын алаштан артық біледі екен. Қазақ Елі Алтын Орда мемлекетінің мұрагері екенін айтып салды.