//

Бақытбек Бәмішұлы: Сұраған жанға сәлемде

1535 рет қаралды
12

Сұрады десе ескеріп,

Жылады десе ес көріп,

Елжіреп көңіл кетеді,

Елестеп көзге естелік.

 

Әлпештеп, баптап, сылаған,

Анашым еді, Ұлы Адам!

Аман да есен жүрме деп,

Кім екен мені сұраған?

 

Ашамайлы атқа мінгізген,

Ұстатқан мықтап тізгіннен.

Әкешім еді,

Бұл күнде

Есендік білмек кім бізден?

 

Бабадан қалған сөз бе екен?

Бал дәурен бала кез бе екен?

Кім екен мені сұраған,

Әкемді көрген көз бе екен?

 

Бір шымшып қалып сынаған,

Әзілі, назы ұнаған,

Жеңешем бе екен алыстан,

Амандық, саулық сұраған?

 

Қорықтық сауып өрістен,

Бір құртты бөліп, жеп-ішкен,

Бір досым барды сол ма екен,

Барғанда жылап көріскен?

 

Бұлғыннның бойы тал еді,

Бұлақтың суы бал еді,

Бұлаған әлде сол ма екен,

Бұрымды бір қыз бар еді?

 

Туған жер ыстық әлемде,

Жүрсек те шалғай әр елде,

Амандық болса көрерміз,

Сұраған жанға сәлемде!

09.02.201j.

 

 

 

Парақшамызға жазылыңыз

12 Comments

  1. Бақытбекке

    Сəлемет болсын сәлемің!
    Қабылдар оны əлде кім
    Тарландар туған Бұлғының
    Іздейтін шығар бұлбұлын!

    Бабадан қалған силастық
    Баға жетпес қимастық
    Барма екен туған мекенде
    Ашықта жарқын сырластық

    Кеңеспен таңды атырған
    Маңғазым төрде отырған
    Барма екен ақ сақалым
    Бағасы артық батырдан

    Ақшаға ауып ақылың
    Мəнсəп іздеп мақұрым
    Қалдыңба əлде бауырым
    Адасып салттан ақырын

    Жаннаттай менің Бұлғыным
    Қалай екен бұл күнің
    Тірлігің тасып жатушы ед
    Суындай тентек Қүртінің

    Тамырын жайған тал бесік
    Ұрпақтан ұрпақ жалғасып
    Қасиетің кетпей тұрса игі
    Барармыз талай маң басып

  2. Сәл ем.Акенди де ананды да көрген ески козбизз

    гои анамыздаи сағыз аиаулы жан болатын . өлең инди окыдым.Салеминди қабыл алдык.Аман жүр . бұлғын баримзге де сагныш болып турады..

  3. Булғында тұып өскен əр жанның шер сағынышың тербеген, өткен тамаша кіршіксіз өмірді аңсап,киалдатып, ойға шомдырған асыл бабалаымызды,қазыналы қартарымызды сағынышпен еске алған керемет өлендер болған екен. Қаламдарың ушқыр,ойларың жүйрік болсын.

  4. Өлең өзекті өмірден, өксікті көңілден бөлінбей, тұтас тірі образ түзіп, табиғи таза күйінде көркемдікпен құйылып түссе, ғажап қой! Ал, онда жүрек шымырлатқан қимас сезім, көкірекке тұнған сартап сағыныш – ұланғайыр қазақы әлем жатса ше?!
    Алпысқа шыққалы отырған ақынның әлеуетін танытатын бір өлең. Ақырзаманнан хабар келіп жатқан екіұдай мына заманда әлі де осындай өлең жаза алатын ақын бар екен. Шүкір!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі