//

Коронавирус: қай жерде тест тапсыруға болады?

2408 рет қаралды

Алматы қаласының аумағында 7 жерде коронавирусқа тест тапсыруға болады. Оның бірі Қарулы күштер министрлігінің әскери зертханасы.  

Корорнавирус инфекциясы жұққанын екі тәсілмен анықтауға болады. Оның бірі – жедел-тест, екіншісі – ПТР (Полимеразалық тізбекті реакция) сараптамасы. Жедел-тест қан тапсыру арқылы, ал ПТР сараптамасы жұтқыншақ пен мұрыннан биологиялық материал алу арқылы жүзеге асады.    

Суық тиген немесе тұмау белгілері бар тұлғалар үшін коронавирус инфекциясына тексерілу тегін, ал өздігінен тест тапсырғысы келгендер ақылы қызметке жүгіне алады. 

 Алматы қаласының тұрғындары Алматыдағы ҚР ДСМ КВБТУ Ұлттық сараптама орталығының зертханасында COVID-19 инфекциясында ПТР сараптамасын жасата алады. Тексерілудің  бұл түрі 11 500теңге.

https://nce.kz/services/covid-2019/

ПТР сараптамасын мына медициналық орталықтарда жасатуға болады.  «Medical Partners Korea Clinic» ЖШС зертханасы (МРК) Оңтүстік Кореяның мобильді скринингтік орталығы – әл-Фараби даңғылынан төмен, Қазыбаев көшесі жағындағы «Нұрлы Тау» БК. Қызмет бағасы – 15 500 теңге..

http://mpk.kz/ 

«OLIMP» клиникалық-диагностикалық зертханасында талдау құны 15 400 теңге, қан алу 540 теңге. Мекен –жай мына сілтемеде көрсетілген https://www.kdlolymp.kz/

 «Медикер» ЖШС ПТР сараптамасын Сәтпаев көшесі 18 А мекен жайында алады. Тест тапсыру құны 19 000 теңге. Анықтама телефондары: +7 701 034 57 26, +7 701 034 57 23 https://www.mediker.kz/ 

Сондай-ақ, Алматы тұрғындары эпидемиологиялық көрсеткіштері мен эпидемиологтардың нұсқауына сәйкес Olympus KDL зертханаларында тегін жедел сынақтан өте алады.

Бұған қоса Алматыда вирусты анықтау үшін биологиялық материалды Қарасай батыр 123 мекен-жайындағы  INVIVO зерханасы да алады. call-center: 8 (72 7 2) 58 83 83, 8 778 769 38 81

Зерттеу Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР ДСМ не қарасты зертханада жасалады. Құны 18 500. Коронавирус инфекциясына тексеретін материалды алу пункті  Алматы қаласы Гагарин көшесі 155 және Қазбек би 90. https://www.invivo.kz/

ПТР сараптамасын жасатарда мына жайттарды ескерген жөн: 

  1. Респираторлық маска мен жеке куәлік алып бару
  2. Кезек күту кезінде 1,5-2 метр ара-қашықтықты сақтау.
  3. Сынама тапсырар алдында үш сағат тамақ пен сусындар ішпеу, тісіңіз бен ауыз қуысын шаю.
  4. Анализ қорытындысы 1-2 тәулікте шығады.   
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі