/

“Жеңілдікпен несиелеу бар”: Министр карантин кезіндегі бизнесті қолдау туралы айтты

932 рет қаралды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов демалыс күндеріндегі қатаң карантиндік жағдайлар туралы түсініктеме берді.

“42 500 теңге төлемі ТЖ кезінде қарастырылып, 11 мамырда аяқталды. Қазір карантиндік демалыс күндері , бірақ бұл үнемі деп ойламаймын. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай күрделі, азаматтар санитарлық талаптарды жеткілікті деңгейде сақтамайды. Сондықтан азаматтарға зиян келтірмеу үшін демалыс күндері қатаң карантин енгізілуде. Мәселен, жұмыс күндері олар ақша табуға мүмкіндік алады, ал демалыс күндері карантин күшейтіледі” деді министр.

Бизнесте қандай да бір өтемақы болуы керектігін айтқан министр қолдау шаралары аясында кез келген өзгеріске дайын екенін жеткізді.

“Мемлекеттік комиссияның отырысында бизнесті қолдаудың, оның қалыпты жұмыс істеуінің, жұмыспен қамтудың, халықтың табыстарын қамтамасыз етудің 43 жүйелі шаралары қаралды. Оның ішінде айналым қаражатына, инвестициялық мақсаттарға шағын және орта бизнесті жеңілдікпен несиелеу де бар. Бұл тұрғыда үкіметтің экономикалық блогы өте белсенді жұмыс істейді” деді Біржан Нұрымбетов.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі