//

Кен орындары сатылмайды

2488 рет қаралды

23 желтоқсан күні елімізде тұңғыш рет көмірсутегі кен орындары бойынша аукцион өтеді. Энергетика вице-министрі Жанат Жахметова осы мәселе бойынша түсініктеме берді.

Бұдан бұрын,«Minber.kz» сайты еліміздің бірнеше облысында көмірсутегі кен орнындарының аукционға шығарылғаны туралы жазған еді. Мемлекеттік реестр сайтының электронды сауда алаңында  кен орны бойынша аукцион мерзімі анықталған.

Мемлекеттік реестр сайтының электронды сауда алаңында  кен орны бойынша аукцион мерзімі анықталған.

«Baq.kz» сайтындағы «Желмая» айдарына сұхбат берген Энергетика вице-министрі Жанат Жахметова осы мәселеге бойынша түсініктеме берді. Оның сөзінше, аукционға шығарылған жер учаскелері сатылмайды, яғни бұл сату құқығы емес. Аукционға қойылып отырған кен орындарын пайдалану құқығы. Ал, аукционда жеңіске жеткен жеке немесе заңды тұлғаға ол жерде қазба жұмыстарын жүргізуге болады,  тапқан кенін сатуға құқық беріледі. Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған бұл аукционға жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлермен қатар, шетел азаматтары да қатыса алады.  Электронды сауда алаңына орналастырылған бұл аукционға қатысу үшін электронды үлгіде өтініш берілуі тиіс және ниет білдірушінің міндетті түрде электронды цифрлы кілті болуы шарт. Осы орайда Жанат Жахметованың айтуынша, шетелдіктерге қарағанда ел азаматтарына бұл байқауға қатысу біршама жеңіл болады. Өйткені, қазіргі таңда олар үшін  ЭЦК алу жолдары анағұрлым жеңілдетілген. Ал, электронды саудаға қатысатын шетелдіктер еліміздегі  заң талаптарына сәйкес ЭЦК  алуы тиіс.

23 желтоқсан күні өтетін аукционға қатысуға ниет білдірген жан, мемлекеттік реестр сайта арқылы министрлікке 29 –ыншы қарашаға дейін өтініш жолдауы керек.

Ал, аукцион өтетін күні электронды сауда алаңына ЭЦК  арқылы сауда басталуға бір саға қалғанда кіруі тиіс. Одан кешіккен адам, аукцонға қатыстырылмайды. Әр жер учаскесі бойынша бастапқы бонус белгіленген, ол 20 млн теңдеген бастап, 60 млн теңгеден асады. Осы бастапқы бонус көлемі, яки аукционда белгіленген жер учаскесін пайдалану құқығының құны  әр жиырма минут сайын, алдымен 25, одан кейін, 20, одан кейін 15 пайызға өсе береді. Ондағы мақсат, ел бюджетіне барынша қомақты ақша әкелу. Осы 20 минут ішінде бағаны көтеру туралы ұсыныс берілмесе, соңғы ұсыныс жасаған ниет білдурші жеңімпаз болып танылғанын жүйе автоматты түрде көрсететін болады.  Тағы бір айта кетерлігі, жеңімпаз компания пайдалану құқығын басқа тұлғаға сатуға да құқығы бар екен. Энергетика министрлігі аукционда жеңімпаз болған компанияларға бірқатар талап қойып отыр, болашақта ол талаптарды қатаң бақылауға алмақ.

Аукционға қатысатын әр ниет білдіруші қатысу жарнасы 100 АЕК крсеткішті аукционға дейін төлеуі тиіс. Бұл қаражат қайтарылмайды.  Ал, аукционда жеңіске жеткен тұлға 20 күннің ішінде қол қойылатын шарт сомасын төлеп беруі тиіс. Егер ол төленбесе, сауда аяқталмаған болып саналады  және жерді пайдалану құқығы берілмейді. Бір тұлға бірнеше учаске бойынша аукционға қатыса алады. Алайда, ниет білдірші саудаға қатысу туралы өтініш беру кезінде өзінің төлем қабылетін растап, кепілдік беруі шарт. Әзірге, 10 учаске бойынша отыздан аса ниет білдіруші өтініш берген. Олардың арасында ресейлік компания да бар екен.

Жалпы, реестрде 82  учаске туралы мәлімет бар.  Қалған кен орындарын да игеруге немесе пайдалануға ниет білдірген адам мемлекеттік реестр сайты арқылы өз өтініші минисрлікке жолдай алады. Министрлік ол өтінішті қарап, кен орны орналасқан жер учаскесіне пайдалану құқығын беру туралы аукционды жариялай алады.

Аукционға шығарылған кен орындарының картасын мемлекеттік реестр сайтынан көруге болады.

Энергетика министрлігінен тағы бір ақжолтай жаңалық. Министрлік ендігі жерлерде мұнай кендері бойынша ашық ақпарат жариялауды көздеп отыр. Дәлірек айтқанда мұнай шығарушы компания қанша өнім алды, оның қанша бөлігін қацда жіберді деген мәліметтер ашық жарияланбақ.

 

«Baq.kz» сайтындағы «Желмая» айдарындағы сұхбат негізінде әзірлеген Риза Исаева

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі