//

Бәссаудада кімдер ұтты?

1749 рет қаралды
фото: Ақжайық

2020 жылдың соңғы күндері де келіп жетті. Қазақстан үшін ғана емес, әлем үшін күрделі болған бұл жылда жаңалықтар жетерлік. Соның бірі елімізде тұңғыш рет аукцион арқылы жер қойнауын пайдалану құқығы саудаға шығарылды.  Бастапқыда 10 учаске бойынша аукцион жарияланғанымен, бәссаудада жеті учаске сатылды. Minber.kz  сайты ел үшін маңызды бұл жаңалықты елеусіз қалдырмаған еді, бұл жайында бірнеше материал жариялаған болатынбыз.

Энергетика министрлігі  2020 жылғы 28 қыркүйекте жарияланған көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған электрондық аукционның қорытындысын жариялаған еді.

Оған сәйкес, жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған электрондық аукционның жеңімпаздары төмендегідей:

  1. Атырау, Ақтөбе облыстарындағы Сағыз учаскесіндегі көмірсутектерді барлау және өндіру бойынша – «TUMAR PETROL» ЖШС-і;
  2. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарындағы Қарабау учаскесіндегі көмірсутектерді барлау және өндіру бойынша – «Қарабау Петролеум» ЖШС-і;
  3. Атырау облысындағы Бегайдар учаскесіндегі көмірсутектерді барлау және өндіру бойынша – «SapaInvestment» ЖШС-і;
  4. Атырау облысындағы Балқұдық учаскесіндегі көмірсутектерді барлау және өндіру бойынша – «Балқұдық Мұнай» ЖШС-і;
  5. Атырау облысындағы Қошалақ учаскесіндегі көмірсутектерді барлау және өндіру бойынша – «SapaInvestment» ЖШС-і;
  6. Атырау облысындағы Забурунье учаскесіндегі көмірсутектерді барлау және өндіру бойынша – «Petro Qazaq» (Петро Казах) ЖШС-і;
  7. Атырау облысындағы Сарайшық учаскесіндегі көмірсутектерді барлау және өндіру бойынша – «Petro Qazaq» (Петро Казах) ЖШС-і.

Екі компания екі-екіден, қалған үшеуі бір-бірден кен орындарын пайдалану құқығын иеленіпті. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, бәссауда барысында «Сарайшық»  және «Забурунье» кен орындары үшін қызу сауда болған еді. Ендігі жерде бұл учаскелердегі кен орнын игеретін «Petro Qazaq» ЖШС. «Ақжайық» басылымының жазуынша, «Petro Qazaq» ЖШС құрылтайшысы – Гаагада (Нидерланды) тіркелген оффшорлық Winsple Netherlands B.V. компаниясы. Қалған 5 учаске қазақстандық инвесторларға тиесілі. «Ақжайық» басылымының дерегінше, Бегайдар мен Қошалақ кен орындарын пайдалану құқығын бұрын мұнай және газ өндіру саласында болмаған, яғни жұмыс істеп көрмеген «SapaInvestment» ЖШС алған. Kazservice – Қазақстан мұнай сервистік компаниялар одағының мәліметіне сәйкес, «SapaInvestment» компаниясының құрылтайшысы – Санжар Омаров (негізгі бенефициарлар – Санжар Омаров пен Дамир Балтабаев) екен.

Қарабау мен Балқұдық учаскелері бойынша бәссауда жеңімпаздары «Қарабау Петролеум» және «Балқұдық Мұнай» компаниялары, «Қарамаржан Ойл энд Газ» ЖШС және «СТК-Групп проект» ЖШС арқылы Сейітжановтар отбасына тиесілі, Сағыз учаскесі бойынша жеңімпаз «TUMAR PETROL» ЖШС құрылтайшысы – Тәтішевтер отбасына тиесілі KUSTO OIL PTE.LTD компаниясы» деп жазады «Ақжайық» басылымы.

Маңғыстау облысына сапары барысында Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев осы бәссаудаға байланысты пікір білдірген болатын. Министрдің сөзінше, Аукцион арқылы  жер учаскелерін шексіз иеленуге берілмейді, белгілі бір мерзімге жер қойнауын пайдалану сатып алынады.  «Кен орнының өмірі белгілі бір компанияның кетуімен тоқтап қалмауы тиіс, өндіріске байыппен қарау керек. … Біз инвестиция тартуды, жаңа жұмыс орындарын құруды қашан да қолдаймыз, бірақ жер қойнауын игеруге немқұрайлы қарамауымыз керек, ұтымды тәсіл қолданылуы тиіс.  Жер қойнауы Қазақстан Республикасының меншігі және барлығы бұған аса мән беруі тиіс» деген министр, пайдалану құқығының мерзіміне қатысты мәлімет бермеді.

Ал, Қазақстан мұнай-сервистік компаниялар одағының төрағасы Рашид Жақсылықов мырза, бұл аукционның бірнеше ерекшелігін атап берген болатын.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі