//

ОКҚ: Балалар лагерлерін лицензиялау толықтай онлайн форматқа көшті

1791 рет қаралды
ОКҚ: Балалар лагерлерін лицензиялау толықтай онлайн форматқа көшті

Фото: pixabay.com

Орталық коммуникациялар қызметі Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап хабарлағандай, балалардың білім беру-сауықтыру орталықтарына (бұрынғы балалар лагерлеріне) лицензия беру толық онлайн форматқа көшті. Енді ұйымдар рұқсат құжатын eLicense.kz порталы арқылы үйден шықпай-ақ ала алады.

​Биылдан бастап еліміздегі мемлекеттік және жекеменшік барлық балалар лагерлері үшін міндетті лицензиялау енгізілді. Осыған байланысты олардың ресми атауы да «балаларға арналған білім беру-сауықтыру орталығы» деп өзгерді.

​Лицензия алу үшін eLicense.kz порталында өтінім толтырып, мемлекеттік баж салығын төлеп, ЭЦҚ арқылы қол қою керек. Құжат 5 жылға беріледі, ал өтініш 30 жұмыс күні ішінде қаралады. Орталықтарға қойылатын басты талаптар: медициналық көмектің, қауіпсіздік жүйесінің, арнайы бағдарламалардың болуы және санитариялық нормалардың сақталуы.

​Жаңа жүйе Оқу-ағарту министрлігі, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен «ҰАТ» АҚ-ның бірлескен жұмысының арқасында іске қосылды.

Парақшамызға жазылыңыз
Редакция участвует в сети «Все СМИ».

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар