Мал өсірушілерге 5-6%-бен жеңілдетілген несие беріледі

60 рет қаралды

Фото: gov.kz

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, елімізде мал шаруашылығын қолдауға арналған «Жайлау» жаңа жеңілдікті несиесі іске қосылды. Бағдарлама 300 бастан кем емес ірі қара немесе 1000 бастан кем емес ұсақ мал ұстайтын жаңа қожалықтарға арналған.

Шарттары: жылдық сыйақысы 6%-дан аспайды, мерзімі 10 жылға дейін, ал несие көлемі ірі қара үшін 350 млн теңгеге, ұсақ мал үшін 200 млн теңгеге дейін жетеді.

Сонымен қатар қолданыстағы «Игілік», «Береке» және «Айналым қаражатын толықтыру» бағдарламаларының аясы кеңейіп, енді ірі қарадан бөлек қой, жылқы, түйе, ара, марал және шошқа шаруашылықтарын да қамтиды. «Игілік» арқылы 100 бастан импорттық ірі қара немесе 500 импорттық ұсақ мал (және өзге асыл тұқымды түліктер), ал «Береке» арқылы 500 бастан жоғары ірі қара немесе 1000 бастан жоғары ұсақ мал сатып алуға болады. Екі бағдарламаның да мөлшерлемесі 6%-дан аспайды, мерзімі 7 жылға дейін және 12-ден 30 айға дейін жеңілдік кезеңі бар.

Ал «Айналым қаражатын толықтыру» бағытымен жем-шөп, жанар-жағармай, ветеринариялық препараттар мен жалақы үшін 5%-бен 12 айға дейін несие беріледі. Қаржыландыруға өңірлік ӘКК-лер де тартылды.

Несие алу үшін кәсіпкерлер «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалдарына немесе өңірлік ӘКК-лерге хабарласа алады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар