Елдос Сметов Олимпиададан кейінгі алғашқы жарысында 5-орынға тұрақтады

54 рет қаралды

Фото: ІJF

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов ұзақ үзілістен кейін татамиге қайта оралды.

Ол Қытайдың Циндао қаласында өтіп жатқан, Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) күнтізбесіндегі белді жарыстардың бірі — «Judo Qingdao» турнирінде бақ сынады.

​Бұл — Сметов үшін Олимпиада ойындарынан кейінгі алғашқы сынақ. Отандасымыз қола медаль үшін өткен белдесуде есе жіберіп, жарысты бесінші орынмен аяқтады.

​Әлемнің ең үздік палуандары жиналған айтулы бәсекеде Олимпиада чемпионының жүлдеге бір қадам қалғандағы бұл нәтижесін жанкүйерлер жоғары бағалап, жылы қабылдады.

Түгелбай Бисен, 

minber.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар