/

Орталық Азияның тарихи мұрасы бір жүйеге біріктіріледі

50 рет қаралды
Digital tools to enhance task management and workflow efficiency. Maximizing efficiency with virtual checklists and smart task execution strategies.

Фото: istockphoto.com

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Орталық Азия елдерінің мәдени мұрасын біріктіретін бірыңғай цифрлық платформа құрылып жатыр.

Қазіргі уақытта «Қазқайтажаңарту» мекемесінде жүйеге құжаттарды жүктеу жұмыстары басталды.

​Осыған орай, Лондон университеттік колледжінің (UCL) мамандары отандық зерттеушілерге материалдарды цифрландыру және жүйелеу бойынша шеберлік сабағын өткізді. Жаңа платформаның орталық сервері «Қазқайтажаңарту» РМК базасында орналасады.

​Бұл ортақ қорда аймақ елдерінің көне жәдігерлері, тарихи құжаттары мен ғылыми зерттеулері жинақталып, көпшілікке еркін қолжетімді болады. Жоба «Arcadia» қайырымдылық қорының қолдауымен іске асуда.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар