/

Бурабайдағы теміржол вокзалы қайта ашылды

64 рет қаралды

Фото: gov.kz

ҚР Көлік министрлігінің хабарлауынша, Ақмола облысында ауқымды жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін «Курорт-Бурабай» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Осы маңызды іс-шараға Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов және ҚР Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Елдос Нестай қатысты. Еліміздің басты туристік бағыттарының бірі саналатын бұл дестинациядағы вокзал ғимаратының қасбеті мен ішкі бөлмелері толық жаңартылып, инженерлік желілері ауыстырылды. Енді мұнда жолаушылар үшін қолайлы күту аймақтары ашылып, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еркін қозғалысына барлық жағдай жасалды, бұл қызмет көрсету сапасы мен қауіпсіздікті айтарлықтай арттырды.

Бұл нысан — Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған еліміздегі 124 теміржол вокзалын жаңғырту бағдарламасының бір бөлігі. Тәуелсіздік жылдарындағы теміржол инфрақұрылымын дамытуға бағытталған ең ірі жоба аясында басымдық берілген 20 туристік вокзал таңдап алынған болатын, соның бірі — осы «Курорт-Бурабай» нысаны.

Жалпы Ақмола облысы бойынша қазіргі уақытта 16 теміржол вокзалында жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Көлік министрлігі бұл жобаның сәтті іске асырылуы өңірдің туристік әлеуетін арттырып, Бурабай курорттық аймағының заманауи көлік инфрақұрылымын қалыптастыруға септігін тигізетінін атап өтті.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар