//

Аукцион аяқталды. Мемлекет қазынасына  61 млрд. теңге түсті

2301 рет қаралды
фото: www.khabar.kz

Қазақстанда жер қойнауын пайдаланушыларға арналған алғашқы онлайн-аукцион өтетінін бұдан бұрын жариялаған болатынбыз. Бұл жолы көмірсутегі кендерін пайдаланушыларға арнап сауда-саттық өткізілген болатын. Алғашқыда 10 учаске бойынша пайдалану қүқы саудаға шығарылған еді.

Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жалпы алғанда, аукционға  жеті учаске бойынша барлау және өндіру құқығы саудаға шығарылған. Олар бойынша бастапқы баға 263 миллион теңгені құрады, ол нәтижесінде 230 есе артып, 61 миллиардқа дейін өсті. Бір учаске бойынша бастапқы құны 1000 есеге өсіпті.

Аукцион болғандықтан ба, әлде саудаға қатысушылар білетін айрықша құпиясы бар ма, «Забурунье» ​​және «Сарайшық» учаскелері бойынша ең ұзақ сауда-саттық өтіпті.  Осы екі учаске бойынша аукциондар таңғы 10:00-де басталып, кешке дейін жалғасты. Нәтижесінде «Забурунье» учаскесіне барлау және өндіру құқығы 16,3 миллиард теңгеге сатылды.

Энергетика министрлігі,  «Сарайшық» учаскесі бойынша аукцион ресми аяқталғанға дейін, яғни сағат 17:00-ге дейін жалғасқанын хабарлайды. Учаскедегі барлау және өндіру құқығының бастапқы бағасы 43 млн. теңге болса, ол құқық 43 млрд. теңгеге саудаланған.

Айта кеткен жөн,  аукцион арқылы жерге меншік құқығы емес, жер қойнауын пайдалану құқығы берілді. Бұл құқық «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» кодексі арқылы реттеледі, учаскелердегі кез келген технологиялық процестер ҚР Энергетика министрлігі жанындағы Барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияда қаралады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Маңыздысы сол, Жер қойнауын пайдалану құқығын алған инвестор жергілікті атқарушы органмен жерді жалдау туралы шартқа қол қояды. Ал, жобалау құжатын әзірлеу алдында әрбір жер қойнауын пайдаланушы жергілікті тұрғындардың қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өткізуге міндетті. Енді еліміздің батыс өңіріндегі кен орындарын пайдалану құқығын алған инвесторлар соңғы талапты сақтай ма, сақтамай ма деген сауал туады.

Энергетика министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, бұл аукцион онлайн режимінде және жасырын өткендіктен, қатысушылар бір-бірін көрмейді. Сонымен қатар, бұл ақпаратты осы аукциондардың өткізілуіне жетекшілік ететін ҚР Энергетика министрлігінің мамандары да көре алмайды екен. Сонда, жеңімпаздар кім болды екен, оны уақыт көрсетері анық.

Министрлік мәліметінше, онлайн аукцион қызметі 2020 жылдың 1 қыркүйегінде Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz порталында іске қосылды, оның әзірлеушісі және иесі «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ. Онда көмірсутегі бойынша  учаске туралы ақпарат бар, кез-келген адам көре алады. Өзін әлеуетті инвестормын деп санайтын кез-келген жан осы  82 учаскенің әрқайсысы бойынша аукционға бастамашылық жасау онлайн режимінде өтінім беруіне болады. Содан кейін кен орнын барлау және игеру құқығын аукционға шығару процесі басталады.

Аталған сауда-саттық бойынша, Энергетика министрлігінің тапсырысымен, «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ, жеке ашық аукцион залын құрған. Аукционның барысын кез келген адам бақылай алды.

Министрлік мәліметіне сәйкес, аукционнан түскен барлық қаражат мемлекеттік бюджетке аударылады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі