//

Қарабастауда Таңбалы сапар орталығы ашылды

1982 рет қаралды

Қараша айының 26-ыншы жұлдызында Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Қарабастау ауылында Тұңғыш президент күніне орай «Таңбалы сапар орталығы» мемлекеттік тарихи мәдени және табиғи қорық музейі ашылды. Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Дәуешов Нұрғиса Маратұлы, Алматы облысы әкімінің орынбасары Алпысбаев Рүстем Әлиұлы және ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы Кластерлік Бюросының мәдениет бойынша өкілі Халафова Айгүл Қадырқызы, Жамбыл ауданының әкімі Әлиев Бағдат Байшаұлы арнайы қонақ болып, орталықтың лентасын қиды. Лентасын қимас бұрын көрермендер Жамбыл аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары көрсеткен қойылымды тамашалады. Екі қабатты «Таңбалы сапар орталығының»  ішінде көрме залы, кітапхана, қайта қалпына келтіру бөлмесі, зертхана, асхана, қонақ үй мен кеңсе бөлмелері, этноауыл және конференцзал орналасқан.  Келген қонақтар орталықтың ішін тамашалап, «Жетісудың жартас өнері» атты кітаптың да тұсауын кесті. 

ДӘУЕШОВ Нұрғиса Маратұлы, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі:                                                                          

  – Бүгін жер жәннаты Жетісудың төрінде тарихи мұражайдың ашылуы ата – бабамыздың қалдырған мұрасына тағзым деп түсінемін. Қазір Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен елімізде сапар орталықтарының негізі қаланып жатыр. Күні кеше ғана қасиетті Түркістан қаласында Отырар сапар орталығы ашылған еді. Бүгін міне Жамбыл ауданында екінші сапар орталығы ашылып отыр. Үшінші орталығымыз үш жүздің басы қосылған Ұлытауда салынып биыл қолданысқа берілді. Мұның бәрі өз тарихымызбен мақтанатындығымыз, шет елден келетін туристерге де керемет әсер ететіні сөзсіз. Баршаңызды осындай мерекемен құттықтаймын. Тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы жолында жасаған қадамдарымыз сәтті болсын.

АЛПЫСБАЕВ Рүстем Әлиұлы, Алматы облысы әкімінің орынбасары:   

    – Құрметті Жетісулықтар сіздерді көргеніме қуаныштымын. Облыс  әкімі Баталов Амандық Ғаббасұлының атынан сіздерді осындай сәні мен салтанаты жарасқан «Таңбалы сапар орталығының» ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Өздеріңіз білетіндей кеше ғана Елбасының қатысуымен үлкен жиын өтті.  Облысымызда «Ауылым алтын бесігім» атты бағдарлама аясында облыстық бюджеттен, республикадан, сонымен қатар минстрліктен қаржы бөлініп Мәдениет саласына үлкен көңіл бөлінуде. Биылдың өзінде  24 мәдени нысанға 7 млрд теңге бөлініп күрделі жөндеуден өтті. Келесі жылға 21 нысанды жөндеуден өткізу керек деген жоспарымыз тұр. Облыс әкімінің тарапынан мәдениет саласына, білімді жастарға көп қолдау көрсетіліп жатыр. Болашақта да жақсы жастарымыз, ұлағатты  ұстаздарымыз, мықты ғалымдарымыз көп болып, осындай мәдени орталықтар ашыла берсін деп тілеймін. Келе жатқан Тұңғыш президент күні құтты болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

ХАЛАФОВА Айгүл Қадырқызы, ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы Кластерлік Бюросының мәдениет бойынша өкілі:

Баршаңызды  «Таңбалы сапар орталығының» ашылу салтанатымен құттықтаймын. Осындай ерекше, тамаша мерекенің сіздердің ауылдарыңызда болғанына қуаныштымын. Себебі бұл өте үлкен жетістік. Бұл тек аудан, облыстың ғана емес Қазақстанның қуанышы, мерекесі. Бұл тарихи қорық музейі еліміздің ғана емес бүкіл әлемнің тамашалайтын мекені. Біз бұл өлкені  әлемге танымал ете білдік. Себебі бұл жерде ата-бабамыздың тарихы жатыр.  Әлемнің көз тігіп, қызыға қарауы да сондықтан. Көп рақмет, тағы да мерекемен шын жүректен құттықтаймын.

Парақшамызға жазылыңыз

Айғаным Айтақын

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында дүниеге келген. Ақын. Халықаралық, республикалық жыр мүшәйралардың жеңімпазы. Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу Университетіндегі журналистика мамандығының білімгері.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері