///

Жаңа әліпбиге көшу 2023 жылдан басталады

3864 рет қаралды
2

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді. Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін жетілдіру бойынша атқарылған  жұмыстар туралы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжанова, қазақ тілі әріптерінің пернетақтада орналасу тәртібінің жобасы туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, латын қарпіне негізделген әліпбиге көшу жөніндегі алдағы жұмыстар туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов баяндады.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2017 жылы қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстары басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 21 қазандағы латын графикасы негізінде қазақ тілі әліпбиін жетілдіру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында әліпбидің 40-тан астам нұсқасы, сондай-ақ қазақ тілінің емле ережелерінің жобалары мен пернетақтадағы әріптердің орналасу тәртібі қаралды.

Жетілдірілген әліпбиде әріп саны – 31, әліпби тек латын әліпбиі базалық жүйесі таңбаларынан құралған.  Бұл әліпбиде қазақ тілінің  28 дыбысы толық қамтылған.

Әліпби қазақ тілінің жазу дәстүрінде орныққан «бір дыбыс – бір әріп» принципіне толық сәйкес келеді.

Жаңа әліпбиге кезең-кезеңімен көшу 2023 жылдан бастап 2031 жыл аралығында жоспарланып отыр.

Үкімет басшысы латын графикасы негізіндегі қазақ тілі әліпбиін жетілдіру бойынша халық арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Дереккөз: https://primeminister.kz/kz/news/a-mamin-kazak-tili-alipbiin-latyn-grafikasyna-koshiru-zhonindegi-ulttyk-komissiya-otyrysyn-otkizdi-280941

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Мен кирилица әліппесінің қалдырылуын қалаймын. Себебі, орыс тілін де меңгеру қажет. Онсыз тағы болмайды. Бұл латыншаға да, кириллицаға да жатпайтын, қазақтың да, орыстың да жалпақ тіліне сəйкес келмейтін, қосымша жат əліппе – бала-шағаның, халықтың мыйын айналдырып жібереді. Бала-шағаның, халықтың қабілеті бірдей емес. Кирилица əліппесінен қор болған ешкімде жоқ. Бала-шағаның сауатын ашу, он сызда, оңай емес. Латын əліппесін шетел тілін меңгеру мақсатында, баз қалпында пайдаланған дұрыс. Дайын əліппені бұрмалаудың қажеті қанша!

  2. Qazaqtih toil pernetaqtasin(aripterdih qoldanilu jyiligi boyinca) jasau eh mahizdi jumistardih biri. Qazaqca kryllitsani orisqa, qazaqca latindi agilcin pernetaqtasina «mihgestire» salu ote qolbaylau is bolmaq.

Aumaq жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар